Image
Құран мен хадистерде қарастырылған 15 қаржы мәселелері
Джабир ибн Абдуллахтан (оған Алла разы болсын) келтірілген хадисте, Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Пайызға ақша алған да, оны берген де, мәмілені жазған да және екі к...
3 156
1 февраля, 16

Құран мен хадистерде қарастырылған 15 қаржы мәселелері

3 156
1 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Құран мен хадистерде қарастырылған 15 қаржы мәселелері

1. Өсімқорлық/пайыздық қарыздар

 
Жәбир ибн Абдулладан (оған Алла разы болсын) келтірілген хадисте, Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
 

«Пайызға ақша алған да, оны берген де, мәмілені жазған да және екі куәгер де, - олардың бәрі бірдей күнәда» - деп ондай адамдарға лағынет айтқан.

 

«Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәхарды жақсы көрмейді» (Құран, 2, 276)


Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын), Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мына сөздерін келтіреді:
 

«Миғраж түні маған (Тозақ мекендеушілерінен) қарындары  үйдің көлеміндей болған бір топ адамдар көрсетілді. Олар (қарындары) сыртынан да көрініп тұрған жыландарға толы еді. Мен Жәбірейілден: «Бұл адамдар кімдер»? - деп сұрадым, ол: «Бұл адамдар өсімқорлықпен айналысқандар», - деп жауап берді». (Ахмад, Ибн Маджә).


Абдулла ибн Ханджал (оған Алла разы болсын), Пайамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан мына хадисін келтіреді:
 

«Саналы түрде өсімқорлықпен алынған бір дирхам, 36 рет зина жасағаннан да жаман» (Ахмад, Даракутни).


2. Мұрагерлік пен өсиет
 

«Әке-шешелері мен туыстарынан қалған дүниеге мұрагер ету ушін әр-бір адамға туыстық жақындастық орнаттық. Сондай-ақ сендермен серт байлап, келісім-шартқа отырғандарға да сыбағасын беріңдер. Расында Алла Тағала әр нәрсені бақылаушы» (Құран, 4:33)

 
Ибн Омар (оған Алла разы болсын), Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді:
 

«Егер мұсылманның мұра етіп қалдыратын әлдебір мүлігі болса, оған өсиет қалдырмайынша екі түннен артық ие бола алмайды» (Бухари, Муслім).

 
Әнәс (оған Алла разы болсын) келтіреді, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Егер кімде-кім мұрагерді оның мұрасынан айырар болса, Қиямет күні  Алла оны Жұмақтағы мұрасынан айырады» (Ибн Маджә).

 
3. Рұқсат етілген жолмен табыс табу.
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын), Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқанын келтіреді:
 

«Сондай бір күн келеді, адамдар тапқан табысының қалай келіп жатқандығы жайлы қынжылмайтын болады -  рұқсат етілген жолмен бе, әлде тыйым салынған жолмен бе» (Бухари).

 
Жәбирден (оған Алла разы болсын), Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқаны жеткізіледі:
 

«Тыйым салынған аспен қоректенген тән Жұмаққа кірмейді. Тыйым салынған астың арқасында жетілген тән көбінше Тозаққа лайық» (Ахмад).

 
Абу Саидтан (оған Алла разы болсын) жеткен, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Адал және сенімге лайық саудагер Жұмақта пайғамбарлармен, тақуалармен әрі дін үшін азап шегушілермен бірге болады» (Дарими, Тирмизи).

 
4. Қарыздың дер кезінде қайтарылуы
 
Әбу Мұса әл-Әшғаридан (оған Алла разы болсын) келтірілген хадисте, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Аулақ жүретін үлкен күнәлардан соң, қарыз бола тұрып, оны қайтаруға мүлік қалдырмай қайтыс болып кеткен адамның күнәсі (тұрады)» (Дарими).

 
5. Қарыздар  – борышқорға деген қайырымдылық
 
Әбу Катада (оған Алла разы болсын), Пайғамбарымыздан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мына хадисті айтқан:
 

«Егер адам Қиямет Қайым қиыншылықтарынан Алла оны құтқарсын десе, ақшасы жетпей не болмаса қарызын толықтай қайтарар мүмкіндігі болмай жүрген борышқорына қарыз төлеу уақытын ұзартсын» (Мүслім).

 
6. Міскіндерге көмек
 

«(Мұхаммед ғ.с.) Сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе? Оны жетімді қақпайлау, міскінді тамақтандыру қызықтырмайды» (Құран, 107:1-3).

 
Сафуан ибн Салим (оған Алла разы болсын) жеткізген мына хадисте, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Кімде-кім жесір мен міскін адамға қамқор болса, онда Алла жолында соғысып жүрген жауынгерге және күндіз ораза ұстап, түнде құлшылық ететін адамға тең болады» (Бухари).

 
7. Байлықтың қорлануы
 

«Әй мүміндер! Ғалымдарымен машайыхтарының көбі, адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед Ғ.С.) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле» (Құран 9:34).

 
8. Міскіндерге деген шығын қабір азабын жеңілдеттіреді
 
Әнәс ибн Мәліктен (оған Алла разы болсын) жеткен, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Шындығында,  (міскіндерге) деген қамқорлық Алланың қаһарын жібітіп, өлім азабын жеңілдетеді» (Тирмизи).

 
9.  Ысырапшылдықтан аулақ болыңдар
 

«Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы» (Құран 17:26-27).


Амр ибн Шуғайб (оған Алла разы болсын) өз әкесінің беделіне сүйене отырып, ал әкесі - өз әкесінен Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқаныны жеткізген:

 

«Ішіп-жегенде, садақа бергенде және киім кигенде, қанағатсыздық пен тәкаппарлық сіздің жасап жүргендеріңізге араласпасын» (Ибн Маджә, Насаи).

 
10.  Сараң болмаңыз
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Әр күн көктен екі періште түседі екен, соның біреуі: «О, Алла! Сен үшін шығын шығарған адамға сый бер», - десе,  екіншісі: «О, Алла! Сараңдардың бәрін құрт», - дейді екен (Бухари).

 
Әбу Саид Худри (оған Алла разы болсын) айтқан екен, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Мүмінде болмайтын екі әдет бар  – бұл сараңдық пен жаман мінез-құлық» (Тирмизи).

 
Жәбирден (оған Алла разы болсын) келген, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 

«Басқаларға әділетсіздік танытпаңдар, Қиямет күні ол өздеріңе түнек болып келер және сараңдықтан сақ болыңдар, ол сендерге дейінгілерді құртқан. Ол өлтірушілікке азғырып, қаражатты заңсыз түрде алуға итермелеген» (Муслім).

 
11. Шығындардағы ұстамдылық
 

«Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа (өте сараң болма да бір-ақ берме). Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың» (Құран 17:29)

 

«Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады» (Құран 25:67).

 
12. Парақорлықтан аулақ болыңыздар
 

«Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» (Құран 2:188).

 
13. Барға қанағат ету
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын), Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деп айтқанын жеткізген:
 

«Байлық мүлкіңнің көлемнде емес,  барыңа қанағат етуіңде» (Бухари, Мүслім).

 
14. Біреудің мүлкіне деген қызғаныш
 
Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) айтқан: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқанын естідім:
 

«Екі адамға деген қызғаныштан басқа қызғаныш болмауы керек: Алла байлық беріп, ол оны дұрыс бағытта ұстағанға және Алла даналық (діни білім) берген адамға, (өйткені) ол тиісті түрде шешім қабылдап және басқаларды үйретеді» (Бухари).


15.  Өз ісіңді дұрыс жүргізу
 
Жәбир (оған Алла разы болсын) келтірген хадисте, Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқан:
 

«Сатқанда, сатып алғанда және (бір нәрсені) талап еткенде мейірбандық танытқан адамға Алла рақымшылық етсін» (Тирмизи).

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Кәсібімнің берекелі болуы үшін қандай дұға оқуым керек?
Сұрақ: Кәсібім берекелі болу үшін қандай дұға оқысам болады? Жауабы: Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен. Ас-саляму аляйкум уа рахматуллахи уа баракатух! Кәсібіңіз берекелі болуы үші...
7 259
14 ноября, 14