Image
Рамазан алдындағы оқылатын дұға
Біздің мырзамыз Ъубада ибн Самит (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына (оларға Алла разы болсын) қасиетті Рамазан айы туар алдында ...
19 145
5 июня, 16

Рамазан алдындағы оқылатын дұға

19 145
5 июня, 16
АВТОР ЦИКЛА
Рамазан алдындағы оқылатын дұға
 
Біздің мырзамыз Ъубада ибн Самит (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына (оларға Алла разы болсын) қасиетті Рамазан айы туар алдында төмендегі дұғаны оқуды үйреткенін жеткізеді.
 

 

مُتَقَبَّلا لِي وَسَلّمْه لِيْ رَمَضانَ وَسَلّمْ لِرَمَضانَ سَلّمْنِيْ اَللّٰهُمَّ

«Аллаһумма саллимни ли Рамадана уа саллим Рамадана ли уә саллимһу ли мутақаббәлә»

Мағынасы: «Я, Алла! Мені Рамазанға сәлемет пен жеткіз,Рамазанды маған сәлемет қыл,әрі оны менен қабыл ал»
 
Дереккөзі:  имам Табаранидің "Китабу дуа" кітабы, №912 хадис; сондай-ақ қараңыз "Хаяту сахаба" (3 т., 182 бет) және "Канзул-умәл" (8 т., 584 бет)
 
Түсіндірмесі:
 
«Мені Рамазанға сақта» дегеннің мағынасы:
 
Уа, Аллам! Рамазаннан пайда алуым үшін маған денсаулық пен жайлы жағдай бер. Яғни, Рамазан айы келгенде ораза ұстауыма, ғибадат етуіме кедергі келтіретін қолайсыздықтардан сақта дегенді білдіреді.
 
«Рамазанды мен үшін сақта» дегеннің мағынасы:
 
Уа, Аллам! Осы бір ерекше берекелі айда өте жоғары жетістіктерге жетуім үшін қабілет бер дегенді білдіреді. Бұл айда көп адамдар сауап жинауға қабілетті, алайда пайда алмайды, себебі бейғам.  Осындай адамдарға шынымен де жаның ашиды! Алла Тағала бізді сондай адамдардың қатарынан болудан сақтасын.
 
«Әрі менен оны қабыл ал» яғни:
 
Аллаһым! Осы айдағы жасаған амалымның қарымын Өзің уәде еткенсің. Амалдарым қабыл болмай, осы айды бос өткізгендерден болудан сақта - дегенді білдіреді.

Бұл хадистің дәрежесі қандай?
 
Бұл хадистің тізбегі әлсіз (Шейх Аууаманың Омар ибн Абдуләзиздің «Мусандына» жазған ескертуінен алынған (280б.))
 
Соған қарамастан, алдыңғы өткен ізгі сахабалардың берген анықтамасы әртүрлі бола тұра, олардың тәжірибеде жүзеге асырғанымен қуатталатын бұл хадиске амал етуге болады. 
 
Алдыңғы өткендердің (сәләфтардың) салты
 
1. Имам Табарани (ол кісіге Алла рақым етсін) белгілі табиғин Макхул (ол кісіге Алла рақым етсін) Рамазан айының басында осы дұғаны оқитынын айтқан. (Китабу дуъа ли Табарани, № 913 хадис)
 
2. Және де ол Абдул Ъазиз ибн Әби Раууадтан (ө. Х. 159) осы дұғаны мұсылмандар Рамазан айы басталған кезде оқығандығын жеткізеді (№ 914 хадис)
 
3. Имам Мұхаммад ибн Насар әл Мәруәзи «Қыйямул ләйл» еңбегінде сахабалардың (оларға Алла разы болсын) қағида секілді осы дұғаны Рамазан басталғанда оқитындары туралы айтады. (Мухтасар Кыямул-ләйл, 98 бет)
 
4. Хафиз Ибн Ражаб (оған Алла рақым етсін) сенімді табиғиннің: «Яхия ибн Касир (оған Алла рақым етсін): «Олардың (сахабалар мен табиғиндардың) осы дұғаны оқитын салттары болған...»,- дегенін жеткізеді. (Латаифул-Маъариф, 280 бет)
 
Имам Суюти (ол кісіге Алла рақым етсін) бұл хадисті хасан дәрежесіне көтерген, яғни сенімді деген (Канзул-ъуммаль, 8 том, 584 бет).
 
Бұл дұғаны қашан оқу қажет?
 
Жоғарыда келтірілгендер ішінен соңғысынан басқасының барлығында да дұғаны Рамазан басталғанда я болмаса басталар алдында оқығандығын көреміз.  Яхия ибн Касирдің нұсқасында мынандай анықтама келеді:
 

رمضان إلى سلمني اللهم


«Уа, Аллам, мені Рамазанға дейін сақта»
 
Бұл дұғаның Рамазан айы басталмай тұрып оқылу керектігін білдіріп тұр.
 
Алла жақсы Білуші.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Амалдарымыз Аллаға қай уақытта жеткізіледі?
Сұрақ: Кейбір хадистерде біздің амалдарымыз Аллаға Шағбан айында, ал басқа хадистерде Қадыр түнінде келтіріледі дейді. Қайсысы дұрыс?...
6 252
20 мая, 16
Image
Анарды қабығымен жеудің пайдасы
Сұрақ: Анарды қабығымен жеу пайдалы екендігі туралы сөз сенімді ме, және оны кім айтқан?...
3 474
1 апреля, 16