Image
Рамазандағы салауатты тамақтану
Барлық мақтау-мадақ көктер мен жердің және сол екеуінің арасындағы нәрселердің бәрінің Жаратушысы Аллаға лайық. ...
5 802
30 июня, 15

Рамазандағы салауатты тамақтану

5 802
30 июня, 15
АВТОР ЦИКЛА
Рамазандағы салауатты тамақтану
The Jamiatul Ulama
Источник:
THE JAMIATUL ULAMA

The Council of Muslim Theologians

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Барлық мақтау-мадақ көктер мен жердің және сол екеуінің арасындағы нәрселердің бәрінің Жаратушысы Аллаға лайық. Рамазан күн күнтізбесі бойынша жылдан-жылға бірте-бірте артқа жылжып, енді ұзақ күндер мен қысқа түндерден тұратын жаздың шыжыған ыстық күндерінде басталатын болды. Бұл ‒дініміз бен өмір сүру салтымызды жоғары деңгейге көтеру үшін тамаша шақ. Бұған тамақтану режимін өзгерту де жатады.
 
Зиянды аспен қош айтысыңыз
 
Бұл ‒ зиянды ас пен басқа да зиянды әдеттермен қош айтысатын уақыт. Қуырылған тағамның жүрек пен миға кері әсер ететіні белгілі –ол қан тамырларын бітеп тастайды, оның арты инсультке, атеросклерозға ұласады, буынның қабынуына, жүрек талмасына алып келеді, қан қысымын көтеріп жібереді. Бұған себеп ‒ өсімдік майы көп жағдайда химикалық тыңайтқыштармен өсірілген сапасыз шикізаттан жасалады. Ораза кезінде қуырылған тағамның ағзаға тигізетін зияны одан сайын арта түседі, себебі, күні бойғы ашығудан кейін қуырылған асты қорыту ағзаға өте ауыр тиеді. Оның үстіне, мұндай тағам қатты шөлдетеді, соның нәтижесінде күндіз су ішпей жүру сізге қиынға соғады. Сол себепті, ең абзалы, ет, балық немесе көкөністерді суға пісірген, бұқтырған немесе қыздырып пісірген жөн.
 
Шамадан тыс тұздалған асты, бұрыш пен басқа да дәмдеуіштерді көп жемеуге тырысыңыз. Бұлар да қатты шөлдетіп, асқазанды тітіркендіреді.
 
Рамазан – тәнді тазартып, жанды сауықтыратын кезең
 
Ислам – адамның тәнінің, сана-сезімінің және жанының кемелденуіне септігін тигізетін дін. Сахаба Абдулла ибн Әмрден (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірде оған былай дегені риуаят етілген:
 

«Уа, Абдулла! Менің күні бойы ораза ұстап, содан соң түні бойы құлшылық жасаған кезімді көрдің бе?». Ол: «Иә, уа, Алла Елшісі!» ‒деп жауап қатқан. Сонда ол: «Олай істеме! Кейде ораза ұста, кейде аузың ашық болсын. Кей түндері түнгі намазға тұр, кей кездері түнгі уақытта ұйықта. Денелеріңнің сендерде хақылары бар, көздеріңнің сендерде хақылары бар, әйелдеріңнің де сендерде хақылары бар» (Бұхари).

 
Тәніміздің хақысын беруіміз керек екені осы хадистен-ақ көрініп тұр. Дұрыс режимде жұмыс істеуі үшін оған дұрыс тамақтану қажет. Аталмыш жағдайда (Рамазан кезінде) бұл күш-қуатты ұзақ әрі баяу жасап шығаруға ықпал ететін, ағзаны қажетті дәрумендер және минералдармен қамтамасыз ететін ас жеуіміз керектігін білдіреді.
 
Қазір мен сіздерге пайдалы әрі күш-қуатыңыз бен қайратыңызды ұзақ уақыт сақтап қалуға көмектесетін Рамазанға арналған мәзір ұсынбақпын. Әуелі сұйықтық пен сұйық астан бастаймыз да, содан соң дәмтатым мен салатқа көшеміз, ал, сәресіне ұзақ қорытылатын өте құнарлы ас жейміз.
 
Ауызды, құрма және сумен ашқан абзал екені белгілі. Сәресінен ауызашарға дейін көбірек су ішуге өзіңізді мәжбүрлеңіз, ең абзалы ‒ өзіңізді жақсы сезіну үшін кеңес етілетіндей, сол уақыт аралығында (3-4 сағат) 2 литр су ішуге тырысыңыз. Бұл су мөлшерін бірнеше бөлікке бөлуге болады: ауызашарға жарты литрден кем емес су ішіңіз, содан соң жарты сағат сайын бір стақан (250 мл) сұйықтық ішіп отырыңыз. Мен өзім әрдайым ауыз ашатын суыма бір қасық бал қосамын – бал күш-қуатыңды қайта қалпына келтіруімен қоса, антибактериялық және басқа да көптеген пайдалы қасиеттерге ие.
 
Аузымызды құрмамен ашуда үлкен даналық жатыр. Оның құрамында күні бойы ораза ұстағаннан кейін күш-қуатыңды жылдам қайта қалпына келтіретін құнарлы заттар, калориялар және глюкоза көп.
 
Шай, әсіресе, кофе секілді кофеин қосылған сусындарды көп ішпеуге тырысыңыз. Кәдімгі таза немесе минералды суды көбірек ішіңіз.
 
Аузыңызды жеміс-жидекпен ашыңыз
 
Қасиетті Құранда көптеген жемістер жайлы және олардың Жәннатта болатыны айтылады. «Факиха» (жеміс, жеміс-жидек) деген сөздің өзі Құранда 14 рет келеді. Мәселен, төмендегі аяттарда:
 

«Олар үшін онда [Жәннатта]жемістер және өздеріне не тілегендері [рахат пен ләззаттың барлық түрі]бар».[36:57]

 

«Олар (тақуалар) онда (жәннат төсектерінде) жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді».[38:51]

 

«Онда[Жәннатта] сендерге (әр түрлі) жемістер көп, одан жейсіңдер» [43:73].

 
Басқа аяттарда банан, құрма, жүзім, інжір және анар жайлы арнайы айтылып кеткен. Бұл жемістердің қай-қайсысын алсаңыз да, адам ағзасына пайдасы орасан.
 
  • Аузыңызды су және құрмамен ашқаннан кейін ауызашарды жеміс-жидек салаты, жеміс шырыны және жеміс коктейлінен бастаған жөн. Егер жеміс шырынын өзіңіз сығымдайтын болсаңыз, есіңізде сақтаңыз, жай ғана шырынға қарағанда жеміс коктейлі (смуз) жақсы. Өйткені, оның құрамында ас қорытуды қалпына келтіретін және ағзадан зиянды заттарды шығаратын жасұнық пен ас талшықтары сақталып қалады.
     
  • Көкөніс пен өзге де өнімге қарағанда жеміс-жидек тезірек қорытылады. Сондықтан, оразадан кейін күш-қуатты жылдам қалпына келтіру үшін оның маңызы зор. Мүмкіндік болса, қарбыз бен балдан және лимоннан коктейль жасаңыз. Қарбыздың құрамында магний, марганец, фосфор, мырыш, темір, калий және мыс секілді бағалы минералдар бар.
     
  • Егер әр түрлі жемістерден коктейль жасайтын болсаңыз, оған жаңғақтың түр-түрін немесе сүт қоссаңыз болады. Осындай жеңіл астан кейін ақшам намазын оқыңыз. Сол уақыт аралығында ас қорыту жолы ашылады, сөйтіп, ағза өзіне қажетті қанттарды, дәрумендер мен минералдарды сіңіре алады. Бұл сізге түнгі ғибадатқа күш береді.
     
Ақшамнан кейін – көкөністің уақыты
 
Өсімдіктер жайлы Құранда бірнеше рет айтылады:
 

«Көрмейсің бе[ол туралы ойланбадың ба]? Алла көктен [бұлттан]жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды». (39, 21).

 
Ақшам намазын оқығаннан кейін −жеңіл ас жеп, әлденетін уақыт. Бұған бәрінен де көкөніс жақсы жарайды. Жаңа піскен көкөністерден (қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, салат жапырақтары) жақсылап салат жасаңыз. Жылдың бұл мезгілі ‒ құрамында көптеген дәрумендері бар көкөністер жаңадан пісіп шығатын шақ. Сонымен бірге, картоп, сәбіз, пияз, кәді, бұршақ немесе жасыл бадана қосылған көкөніс сорпасын әзірлеуге болады. Көкөністерді бұқтыруға да болады, әсіресе, тәтті бұрыш, кәді, баялды бұқтыруға жақсы жарайды. Сонымен бірге, құрамында крахмалды көмірсулары бар өсімдіктен жасалған тағамды да жеуге болады–қара, қоңыр, қызыл күріш, нан, арпа, сұлы, қарақұмық және макарон өнімдері. Алайда, бір есте сақтайтын жайт, оңтайлы тамақтану үшін ақ ұн, ақ қант, ақ күріш және тазартылған, өңделген тамақ өнімдерін пайдаланбаған дұрыс.
 
Риуаят етілгендей, Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан ақ ұн пайдаланбаған.
 

Әбу Хазима риуаят еткен: «Мен Сахль бин Саадтан былай деп сұрадым: «Алла Елшісінің ақ ұнды пайдаланған кезі болды ма?». Сахль былай деді: «Алла оны пайғамбар етіп жіберген уақыттан бастап, Өзіне қайтарып алғанға дейін Алла Елшісі ақ ұн көрген емес». Сонда мен одан: «Алла Елшісінің тірі кезінде адамдар (ұн елеуге арналған) електі пайдаланды ма?». Сахль былай деді: «Алла оны пайғамбар етіп жіберген уақыттан бастап, Өзіне қайтарып алғанға дейін Алла Елшісі електі ешқашан пайдаланған емес». Сонда мен: «Еленбеген арпаны қалай жедіңдер?» ‒ деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: «Біз әдетте оны үгетінбіз, содан соң қауызын ұшыратынбыз. Қауызы суырылғаннан кейін одан қамыр илеп, жейтінбіз» (Бұхари мен Тирмизи).

 
Оған қоса, Рамазан – пайдалы майды қолданысыңызғаенгізуге қолайлы уақыт. Зәйтүн майы жайлы Құранда айтылады. Тамақ пісіруге немесе салатқа қосуға зәйтүн майын пайдаланыңыз. Психикалық денсаулығыңыздың жақсы болуы үшін пайдалы майдың да маңызы зор. Ол мидың жұмысына көмектесіп, буынның қозғалғыштығын арттырып, ішкі шырышты қабықты майлайды.
 
Тамақтың артынан көп мөлшерде су ішуді ұмытпаңыз. Тарауық намазын оқитын кезде де қасыңызға ауыз су апарып қойып, үзілістерде ішіп тұрыңыз.
 
Сәресі – ақуызды тағамның уақыты
 
Сәресіне ет пен көкөніс жеуді кеңес етемін. Ақуызды тағамның құрамындағы калориялардың адамның бойындағы күш-қуатты ұзақ уақыт сақтап қалатынын зерттеулер көрсетіп отыр.
 
  • Еттің қорытылуы үшін 16 сағаттан кем емес уақыт қажет.

 

  • Мал ақуызының құрамында гемотемір деген арнайы заттек бар. Ол өсімдіктен жасалған тағамның құрамындағы темірден де жақсы сіңіріледі.

 

Сол себепті, темір жақсы сіңуі үшін өсімдіктен жасалған тағам мен мал өнімдерін бірге пайдаланған дұрыс. Себебі, темір ағзадағы оттегі айналымы үшін қажет. Бірақ, жоғарыда айтып кеткеніміздей, етті қуырып емес, суға пісіріп, бұқтырып немесе қыздырып пісіріп жеген абзал. Етпен бірге күріш, макарон немесе картоп секілді крахмалды көмірсулардан тұратын тағамнан гөрі, көк пен салат жеген дұрыс. Себебі, крахмалды көмірсулардың қорытылуы үшін асқазанда сілтілі орта болуы қажет. Ал, ақуызды заттарға пепсин қышқылы керек. Осының нәтижесінде, ас дұрыс қорытылмай, асқазан мен ішектер желденеді, ас қорыту бұзылып, асқазан қыжылдайтын болады.
 
Алла Тағала осы Рамаданда бізге жеңілдік беріп, оны осы өмір мен ақыретте біз үшін мүбәрак еткей. Әмин.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Біздің әлсіз жеріміз – сәлем намазы (тахийәтул- мәсжид)
Үйіңізге келіп отырып, өзінің бір істерімен айналысып, бар қажеттіліктеріне қол жеткізіп, сізбен тіпті аман-саулық сұраспай кетіп қалған қонақты елестетіңізші?... Қонақтың бұл қылығының соңы...
2 394
10 апреля, 18
Image
Тұрмысқа шыға алмай қойдым
Сұрақ: Маған құда түсіп келген жігіттер болды, бірақ, біршама уақыт өткеннен кейін менімен некеге тұрудан бас тартып жатты. Соған көңілім құлазып, еңсем түсіп кеткен жайым бар. Тұрмысқа шығу...
1 883
7 апреля, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Құрма қосылған кілегейлі сусын
Егер сіз бұрын- соңды Калифорнияда болған болсаңыз құрмадан жасалған сусын туралы естіген боларсыз. Мен Калифорнияға бірнеше рет барғанмын және сол жерде біраз уақыт тұрғанмын. Калифорнияны ...
9 473
3
22 июня, 15
Image
Рамазанды тиімді өткізгіңіз келсе...
Жыл сайын Рамазан айының алдында көптеген кездесулер, сұхбаттасу және өзге де іс-шаралар өткізіп тұратынымыз бар, сондағы бәрінің қозғайтыны бір – «Рамазан айын қалай ең жақсы түрде өткізуге...
7 960
17 июня, 15