Image
Рамазанның келгенін қалай сезінуге болады?
Рамазанның басталғанына бірталай уақыт өтті. Айналаңыздағы адамдар осы шақты жақсы көретіндерін, шайтандар кісендеулі кезде құлшылыққа ден қоюдың оңай екенін айтып, жалпы қуаныштарын білдіру...
8 972
21 мая, 17

Рамазанның келгенін қалай сезінуге болады?

8 972
21 мая, 17
АВТОР ЦИКЛА
Рамазанның келгенін қалай сезінуге болады?
Рамазанның басталғанына бірталай уақыт өтті. Айналаңыздағы адамдар осы шақты жақсы көретіндерін, шайтандар кісендеулі кезде құлшылыққа ден қоюдың оңай екенін айтып, жалпы қуаныштарын білдіруде… Осының бәрін көріп отырып сіз: «Мен неге сондай сезімде емеспін?» − деген ойға қаласыз. Қанша кітап оқып, уағыз тыңдап, сондай күйді басыңыздан кешіруге барыңызда салсаңыз да, Рамазанның келгенін әлі де сезіне алар емессіз.
 
Бәлкім, Рамазан сіз жоспарлағандай басталмаған шығар?
 
Шынымен де Рамазан – өзіңнің ішкі дүниеңе терең үңіліп, ойыңды жинақтайтын кезең. Алайда, бұл уақытта өмір тоқтап қалмайды. Біздің жұмысымыз, үйдегі шаруаларымыз бар, бірақ, бұл сізге Рамазанның пайдасы тимейді деген сөз емес.
 
Біздің өміріміз күйзеліс пен қиындықтарға толы, Рамазанның басталғанына бола олар жеңілдей түспейді. Иә, шайтандар кісендеулі болады, алайда, біздің нәпсіміз бар. Ол тәрбиелеуді қажет етеді.
 
Бұрын мен де Рамазан келе салысымен жақсы жағына өзгеремін деп ойлай
тынмын. Рамазанды жаңа парақтан бастап, алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін Рамазан келмей тұрып-ақ өзіме есеп беріп, бойымдағы кемшіліктерім үшін кешірім сұрап, тәубеге келуді жоспарладым. Алайда, осыған қарамастан, тағы бірдеңе жетіспейтін.
 
Содан соң Рамазанның сырттай ғана өзгеруде емес екенін түсіндім. Сіз Құранды түгелдей оқып шығып, қаншама хадистерді үйреніп, Рамазан жайлы уағыздардың бәрін тыңдап шықсаңыз да, бұл сізге өздігінен ықпал етпейді. Мұның бізге әсері тиюі үшін біз жан-дүниемізге үңілуіміз керек – лас ыдысқа су құюға болмайды деп бекер айтпайды.
 
ӘбуХурайра (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен:
 

«Мұсылман адам күнә жасағанда оның жүрегінде қара дақ пайда болады. Егер ол тәубесіне келіп, кешірім сұраса, жүрегі тазарады. Алайда, егер күнә үстіне күнә жамала берсе, қара дақтар та ұлғая түседі. Алла осындай «раан» жайында Өзінің Кітабында айтады: «Олардың жүректерінде өздері жасаған раан (күнә пердесі) бар» (хадистіТирмизи келтірген).

 
Сол себепті, біз бұл уақытта жүректерімізді тазартып, жұмсартуымыз қажет.
 
Алла былай дейді:
 

«Және содан кейін де [Алла сендерге мұғжиза көрсеткеннен кейін] жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қа қбөлініп, одан су шығады (мәселен, құдықтағы тас секілді). Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды [Алланың ұлылығын сезінгеннен]. Алла істегендеріңнен ғапылемес!» (2, 74).

 
Бәлкім, сіз осы кезден сағыңыз сынып, «жақсы жағына өзгермейтін болсам, менің ораза ұстап, намаз оқығанымнан не пайда?» деп ойлайтын шығарсыз.
 
Бәлкім, мінезіңіздің немесе өмір сүру салтыңыздың өзіңіз бас тартқыңыз келмей жүрген бір қыры бар шығар? Бәлкім, сіз нені өзгертуіңіз керек екенін жақсы біле тұра, өзгергіңіз келмейтін шығар?
 
Алла былай дейді:
 

«(Мұхаммед Ғ.С.) көңлі тартқанын тәңір жасап алған [істерінде нәпсісіне бағынады]сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырған [оған ақиқи ілім мен айқын дәлелдер жеткеннен кейін] және құлағын [ол тура сөзді естімейді], жүрегін бітеп [ақиқатты әсте түсінбейді], көзіне қалтқы[перде]жасаған (ол Алланың белгілерін көрмейді) біреулерді көрдің бе? Енді, Алладан кейін оны тура жолға кім салады? (Уа, адамдар!) Түсінбейсіңдерме?» (45, 23).

 
Бәлкім, діндегі бауырларыңыздың немесе әпке-қарындастарыңыздың бірімен араздықта шығарсыз яки оларға ренішіңіз бар шығар?

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Жәннаттың қақпалары дүйсенбі мен бейсенбі күндері ашылады. Егер Алланың әрбір құлы (сол уақытта) кешірім сұраса, ол Алладан басқа ешкімге құлшылық етпеген болса, кешіріледі. Бірақ, оның жүрегінде діндегі бауырына деген ашу-ызасы болса, кешірілмейді» (Муслим).

 
Әлде, бәлкім, Рамазанға дайындалуда асыра сілтеп жіберген боларсыз, сол үшін енді шаршағаныңыз сондай, ештеңені сезіне алар емессіз?

Себебінің неде екеніне байланыссыз, мұны дәл қазір түзетуді бастаңыз. Рамазанның түпкі мәніне қайтып оралыңыз, бұл айға деген ниетіңізді жаңартыңыз және Рамазанға жоспарлап қойған мақсаттарыңыздың бәрін есіңізге салыңыз. Үлкен мақсаттарыңызды кішірек мақсаттарға бөліп, «көксегеніме өзім ойлағандай тез жете алмаймын ба» деп уайымдамай, әлгі мақсаттарыңызға қарай нық қадам басып отырыңыз.

Хадисте былай делінген:
 

«Рамазанда ораза ұстап, Рамазан аяқталғанда Жәннатқа қол жеткізе алмаған адам мұрнымен шаңға қадалсын (қорлықты білдіретін арабша сөз тіркесі)» (Тирмизи).

 
Алла бізді ондай халден сақтағай.

Рамазан – қандай болмасын ізгі амалдар мен бастамалар үшін тамаша кезең. Бұл уақытта Алладан кешірім сұрап, өзіңді игі амалдарға итермелеу керек. Игі амалдарға ниеттену туралы айтылғанда ол жайлы сөз жүзінде айтып қана қоймай, оны күнделікті өмірімізде жүзеге асыруымыз керектігі меңзеледі.

Бірде мен Рамазанның басында мешіттегі тарауық намазына жамағат бес қатарды құрайтынын, Рамазанның ортасында – екі қатар ғана, соңында төрт қатар болатынын бір уағыздан естіген едім. Рамазанның ортасында адамдардың әдетте рухани дәрежесі төмендеп кететіндігі осы мысалдан байқалады. «Неге» деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені, адамдар әдетте Рамазанның басында мойындарына тым көп міндетті жүктеп алады да, сондықтан, айдың ортасына қарай шаршап, арқаны кеңге салып қоя береді.

Бір ай бойы рухани дайындығыңызды қалай сақтап қалуға болады?

Дұға жасаңыз: лайым Алла дегеніңізге жетуге жәрдем бергей. Рамазанда іске асырамын деп ойыңызға алған нәрселердің бәрін рет-ретімен орындау үшін, өміріңіздің қалған уақытында сол жоспарға сәйкес жүріп отыруыңыз үшін Одан сізге күш беруін сұраңыз.
 
Алдыңызға тым көп әрі шектен тыс қиын міндеттерді қоймаңыз. Егер Рамазанның басында көп істерді жоспарлап қойсаңыз, айдың ортасына немесе аяғына қарай олардың сізге ауыртпалық болатыны сөзсіз. Бұл жолы небәрі бір немесе екі қосымша ізгі амал жасауды жоспарлап, бірақ, соны мүлтіксіз орындауды кеңес етемін. Ол, мәселен, күн сайын басқа мұсылмандар үшін дұға қылу, (әдетте өзіңіз елемейтін) қосымша тағы бір сүннетті орындау, тағы басқа істер болуы мүмкін.

Хадисте былай делінген:
 

«Алланың алдында ең ұнамды амалдар – кішкентай болса да, тұрақты түрде жасалатын амалдар» (Бұхари).


Жақсылықтан бастау – анау айтқандай керемет іс емес. Ең қиыны − күніге соны қалдырмай іске асырып отыру. Сол себепті, асығыңыз, дәл қазір бастаңыз!

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Муфтий Таки Усмани о месяце Рабиуль-авваль и оживлении Сунны
9 ноября этого года наступил месяц Рабиуль-авваль, третий месяц мусульманского лунного календаря. …В месяце Рабиуль-авваль мы организуем собрания, мероприятия и конференции, чтобы вспомнить ...
7 120
9 ноября, 18
Image
Сохраните свой духовный уровень и после Рамадана
Дорогие читатели. Мы постились, читали Коран, давали милостыню и проводили ночи в молитве перед Аллахом. Мы старались избегать сплетен, клеветы, других грехов, чтобы не испортить свое поклон...
3 869
1
16 июня, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Жыл бойғы нәпіл оразалар
Рамазан айындағы парыз оразадан бөлек, сүйікті Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жыл бойы ұстаған әртүрлі нәпіл оразалар да бар. Біз де Алланың жәрдемімен сол оразаларды...
2 334
30 марта, 17
Image
Рамазаннан өзіңе ұлағат алудың жолдары
Мүбәрак Рамазан айы келгенде оны мейлінше ізгілікпен өткізіп, өзімізге пайдасын алуға тырысуымыз керек. Өкінішке орай, көптеген адамдардың өмірлеріне Рамазан ешқандай оң өзгеріс әкелместен, ...
7 914
29 июня, 16