СТАТЬИ

Құрма қосылған кілегейлі сусын
Егер сіз бұрын- соңды Калифорнияда болған болсаңыз құрмадан жасалған сусын туралы естіген боларсыз. Мен Калифорнияға бірнеше рет барғанмы...
Құрма қосылған кілегейлі сусын
Егер сіз бұрын- соңды Калифорнияда болған болсаңыз құрмадан жасалған сусын туралы естіген боларсыз. Мен Калифорнияға бірнеше рет барғанмын және сол жерде біраз уақыт тұрғанмын. Калифорнияны бастан- аяқ шарлап шықтым десем де болады. Алайда бұл сусын жайлы естісем де дәмін татып көрмеппін.
Құрма қосылған кілегейлі сусын ауыз ашар кезінде таптырмас сусын. Сондай- ақ бұл ауызды құрмамен ашудың керемет тәсілі.
Осы Рамазанда мен өз қолыммен құрма қосылған кілегейлі сусын дайындамақ ойдамын. Себебі бізде құрма өте көп.
Бұл сусынды ауыз ашарға ішкендей, сәресіге де ішсе болады. Сусын шынымен де өте пайдалы, себебі құрамы сүт пен ағзаға пайдалы дәрумендерге толы. Кілегей орнына сүт қолдануға да болады.
Сол кезде сусын қатты қою болмайды.
Құрма қосылған кілегейлі сусын (екі адамға)
- - ½ шыны дәнегінен тазартылған құрма
- - ½ шыны табиғи айран
- - 2 ас қасық майлы қаймақ
- - ½ сүт
- - 2 ас қасық бал
Дайындау тәсілі
- Құрманы дәнегінен тазартамыз.
- Барлық заттарды біркелкі болып езіліп, қоймалжың болғанша 1 минуттай блендермен араластыру қажет.
- Стақандарға құйып, түтікшемен ұсыныңыз.

Асыңыз дәмді болсын!
СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Тұрмысқа шыға алмай қойдым
Сұрақ: Маған құда түсіп келген жігіттер болды, бірақ, біршама уақыт өткеннен кейін менімен некеге тұрудан бас тартып жатты. Соған көңілім...

Ережеп пен Шағбан айларына қадам басу…
Ережеп айында ай жаңадан туғанда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Рамазан айының келуіне дайындалу кере...
ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Рамазанды тиімді өткізгіңіз келсе...
Жыл сайын Рамазан айының алдында көптеген кездесулер, сұхбаттасу және өзге де іс-шаралар өткізіп тұратынымыз бар, сондағы бәрінің қозғайт...

Кешірім айы Рамазанға бір қадам
Бірде бір бауырымыз өзгелердің Рамазанды асыға күтіп жүргенін көргенде: «Шөлдеу мен ашығу айын өзгелер не үшін асыға күтеді екен?»,- деп ...
Комментарии: 3
Правила форума