Image
Сахабалар бір-бірімен қалай амандасқан?
Сұрақ: Мұсылмандар көріскенде қол алысып, құшақтасатынын жиі көреміз. Бұл туралы хадистерде не айтылған?...
3 052
26 февраля, 16

Сахабалар бір-бірімен қалай амандасқан?

3 052
26 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Сахабалар бір-бірімен қалай амандасқан?

Сұрақ: Мұсылмандар көріскенде қол алысып, құшақтасатынын жиі көреміз. Бұл туралы хадистерде не айтылған?

 
Жауап:
 
Әбу Зар сахабадан (оған Алла разы болсын) былай сұрапты:
 

«Алла Елшісі (оғанАлланыңигілігі мен сәлеміболсын) сенімен кездескенде қол алысатын ба еді?» Ол: «Біз кездескен сайын ол қолымды алатын. Бірде ол мені шақыруға жіберіпті, бірақ мен үйде емес едім. Ал мен оған келгенде, ол төсегінде жатқан. Мен жақындағанда, ол оянып, мені құшақтады, және бұл қол алысудан да жақсы еді», - деп жауап берді (Сунан Әби Дәуд, 5172 хадис, Фатхүл Бәри, 6266 хадис).

 
Сахабалар кездескенде, қол алысатын, ал ұзақ айрылысудан кейін кезіккенде, құшақтасатын.
 
Әнәстың (оған Алла разы болсын) айтуынша, сахабалар кездескенде, қол алысып, ал сапардан келгенде, құшақтасатын. (Әл-Муджамүл Әусат, Фатхүл Бәри, 626 хадис).
 
Белгілі бір риуаятта Жәбир Абдуллаһ ибн Ұнайс сахабадан (оған Алла разы болсын) бір хадис есту үшін Сирияға сапарына бірнеше ай жұмсаған, сонда олар кездесіп, құшақтасыпты (имам Бұхаридың Әл-Адабүл-Муфрады, 999 хадис).
 
Имам Бұхари Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолда сүйікті немересі Хұсейінді (оған Алла разы болсын) көргенде, оны құшақтады деп риуаят етеді. (Әл-Адабүл-Муфрад, 369 хадис).
 
Әнәс (оған Алла разы болсын) Алла Елшісі (оғанАлланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді деп хабарлайды: 
 

«Йемендіктер сендер әлі жететінге әлде қашан жетіп қойды. Олар қол алысатын бірінші қауым болған» (Сунан Әби Дәуд, 5171 хадис).

 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Бадр шайқасына қатысқандардың жоғары деңгейі
Сұрақ: Қай хадисте Бадр шайқасына қатысқан сахабалар басқа сахабаларға қарағанда ең жоғары деңгейде тұрады деп айтылған? ...
1 753
15 декабря, 15
Image
Әли мен Мұғауия (Алла олардан разы болсын) арасындағы қақтығыс: Сиффин шайқасы
Сұрақ: Әли мен Мұғауия (Алла олардан разы болсын) арасындағы қақтығыс жайлы айтып бересіз бе, олардың арасында қақтығыс не үшін болған?...
4 725
19 ноября, 15