Image
Шариғат тұрғысынан қарағанда, Хусейн (радыАллаһу әнһу) мен Язид ибн Муауияның арасындағы қақтығыс
Сұрақ: Біз мұсылмандардың әміршілеріне бағынуы керектігін білеміз (егер тек ол ашықтан-ашық діннен таймаса). Олай болса, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі Хусейн...
4 166
10 октября, 17

Шариғат тұрғысынан қарағанда, Хусейн (радыАллаһу әнһу) мен Язид ибн Муауияның арасындағы қақтығыс

4 166
10 октября, 17
АВТОР ЦИКЛА
Шариғат тұрғысынан қарағанда, Хусейн (радыАллаһу әнһу) мен Язид ибн Муауияның арасындағы қақтығыс
Мұхаммад ибн Адам Кәусари
Автор:
МҰХАММАД ИБН АДАМ КӘУСАРИ
Мүфти, Дарүл Ифта, Лестер (Ұлыбритания)
The Jamiatul Ulama
Источник:
THE JAMIATUL ULAMA

The Council of Muslim Theologians

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Кербеле шайқасы
Сұрақ: Біз мұсылмандардың әміршілеріне бағынуы керектігін білеміз (егер тек ол ашықтан-ашық діннен таймаса). Олай болса, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі Хусейннің (радыаЛлаһу әнһу) халиф Язид ибн Муауияға қарсы шыққандығы (сөйтіп, шайқаста қаза тапқандығы) жайлы әйгілі оқиғаға қалай қарауымыз керек? Әміршіге бұлай қарсы шығу шариғат тұрғысынан алғанда заңды болды ма? Тағы бір сұрақ: Язидті қарғап-сілеуге бола ма – біз шииттердің оны қарғайтынын білеміз. Әһлү-Сүннет ғұламаларының бұған көзқарасы қандай?

Жауабы:

Сіздің сұрағыңыз екі бөліктен тұрады: Хусейннің (оған алла разы болсын) Язидке қарсы шығуы және сүнниттік ғалымдардың Язид ибн Муауияға қатысты пікірі.

1. Бірінші сұраққа келер болсақ: жалпы алғанда, Әһлү-Сүннет ғұламалары заңды басшыға қарсы шығуға болмайды деген пікірді ұстанады.
 
Имам әт-Тахауи, рахимахуЛлаһ, өзінің Ақида әт-Тахауийя атты әйгілі кітабында былай жазады:
 
«Біз имамымызға немесе басшыларымызға қарсы көтерілуді (заңды) деп санамаймыз, тіпті олар әділетсіз болса да, біз оларға жамандық тілемейміз және оларға қарсы шықпаймыз. Біз оларға бағынуды Аллаға бойұсынудың бір бөлігі деп санаймыз, сондықтан, олар бізге күнә жасауды бұйырмайынша, оларға бағыну бізге міндет болып табылады. Біз оларға ұйып намаз оқимыз, олардың қателіктері (Алланың рақымымен) кешіріледі» (Әл-Ақаид әт-Тахауийяға Шәхр Әл-Ғунейми, 110-111 беттер).

Ақида әт-Тахауиге түсіндірме жазушылар осы пікірді растайтын көптеген дәлелдерді келтіреді. Әлләмә Әл-Ғунейми әл-Мәйдани мен имам Ибн Әби әл-Изз осы тақырыпты қарастыра келіп, төмендегі дәлелдерді айтып өткен:

1) Құранда былай делінген:
 
«Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар» (4: 59).

2) Әбу Хурейра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен:
 
«Кім маған бағынса, Аллаға бағынғаны, ал, кім маған мойынсұнбаса, Аллаға мойынсұнбағаны. Мен тағайындаған әмірге бағынған адам маған бағынған болады, ал, оған бойұсынбаған адам маған бойұсынбаған болады» (Сахих Бұхари, 6718 және Сахих Муслим, 1835).
 
3) Әнәс ибн Мәлік (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндайды:
 
«Сендерге басы мейіздей  [қара және мыжырайған] эфиопиялық құл билік етсе де, тыңдаңдар және бағыныңдар». (Сахих әл-Бұхари, 6723 және Сахих Муслим).

4) Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен:
 
«Әміршісінің қандай да бір құпталмайтын ісін көрген адам сабыр сақтауы тиіс, себебі, (мұсылман) үмбетінен бөлініп, содан соң көз жұмған адам джәһилийя (исламға дейінгі надандық) кезеңіндегідей ажалмен өледі». (Сахих әл-Бұхари, 6724 және Сахих Муслим, 1849).

5) Абдуллаһ ибн Омар (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған:
 
«Мұсылман адам өзіне ұнаса да, ұнамаса да, барлық жағынан (өз әміршісінің бұйрықтарын) тыңдауы және бағынуы қажет, тек ол күнә жасауды бұйырмаса болды. Егерде ол (әмірші) Аллаға бойұсынбауды бұйырса, онда оған бағыну жоқ». (Сахих әл-Бұхари, 6725 және Сахих Муслим, 1839).

Жоғарыда келтірілген айғақтар әмірші күнәһар (фасиқ) болса да, оған бойұсыну керектігін растайды. Әлләмә Әл-Ғунеймидің сөзіне сәйкес, мұның себебебі мынада: Ислам тарихында күнәһар әміршілер көп болды, алайда, ізгі ата-бабаларымыз (сәләфтар) басшыларға қарсы көтеріліс жасауға ешқашан шақырған емес, керісінше, оларға бағынып, соларға ұйып, жұма және айт намаздарын оқыған. Оның үстіне, тақуалық басшылық үшін (әмірші болып тағайындалу үшін) шарт болып табылмайды (Шарх әл-Ғунейми, 110-шы бет).

Имам Ибн Әби әл-Изз (рахимахуЛлаһ) күнәһар немесе озбыр басшыға қарсы бас көтеру адамдарға сол әміршінің езгісінен де бетер бақытсыздық пен бүліншілік әкелуі мүмкін екенін айтады. Ал, егер біз сабырлық танытсақ, Алланың рақымы төгіліп, күнәларымыз кешіріледі. Өйткені, расында, әділетсіз басшы – Алла Тағаланың бізге күнәларымыз үшін берген жазасы. Сондықтан, мұндай жағдайда тәубемізге келіп, Алладан кешірім тілегеніміз жөн. Себебі, Алла Тағала былай дейді емес пе:
 
«(Уа, адамдар) (бұл дүниеде) Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады» (42:30).
 
Сол себепті, адамдар басшыларының қанауынан құтылғысы келсе, өздері де әділетсіз іс-әрекеттерден аулақ болулары тиіс (Шарх Әл-Ақида әт-Тахауийя, 2/543).

Алайда, егер басшы қандай да бір күнәлі іс жасауды бұйырса, жоғарыда айтылып кеткендей, оған бойұсынбаған абзал.

Хусейннің (оған Алла разы болсын) іс-әрекеттері мен Язидке қарсы шығуына келер болсақ, түсінуді қажет ететін бір жайт, ғұламалардың басым бөлігінің пікіріне сәйкес, тақ мұрагерінің дәрежесі (уәли әл-әхд) – (біреуді әмірші етіп тағайындау) үшін қажет шарттардың бірі ғана. Билігі заңды болуы үшін оған ықпалды адамдардың құптауы да қажет.

Қады Әбу Яля әл-Фәрра әл-Ханбали өзінің Хукм әс-Султанийясында былай жазады:
 
«Халиф біреуді қоғамның көрнекті өкілдерінің мақұлдауынсыз, өз бетімен тақ мұрагері етіп тағайындауы мүмкін. Әбу Бәкір (радыаЛлаһу әнһу) Омарды (радыаЛлаһу әнһу), осылайша, ешкімнің пікірімен кеңеспестен, өзінің орнын басушы етіп тағайындады. Алайда, халиф дүние салғаннан кейін оның мұрагерінің билігі заңды болуы үшін қоғам тарапынан қолдау қажет болады».

Ары қарай ол былай жазады:
 
«(Біреуді) халиф етіп тағайындағаннан ғана халифат (билік) орнатылмайды, ол мұсылман үмбетінің мақұлдауын талап етеді» (Әл-Хукм әс-Султанийя, 9-шы бет).

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, үмбетіміздің ғұламаларының көпшілігі «халиф немесе өзге де билеуші тақ мұрагерін ықпалды кеңесшілердің құптауынсыз тағайындай алады, бірақ, бұл оның ұсынысы ғана болып қалады» деген пікір білдірген. Ол көз жұмғаннан кейін үмбеттің беделді адамдары ол тағайындауды бекітуге немесе қабыл алмауға  хақылы.
 
Осы түсініктерге сәйкес, Язидтің де үміткерлігі осы шартқа сай келуі керек болатын. Муауия (оған Алла разы болсын) қайтыс болғаннан кейін үмбеттің көрнекті өкілдері оның тағайындалуын құптамайынша, ол заңды басшы болып санала алмайтын.
 
Хусейн (оған Алла разы болсын) Язидтің әмірші болуын әу бастан мақұл көрмеді. Бұл діни көзқарасқа негізделген оның жеке пікірі болатын. Сондықтан, ол ондай пікірді ұстануға хақылы еді.
 
Муауия (оған Алла разы болсын) дүние салғаннан кейін Хусейн (оған Алла разы болсыну) ірі сахаба Абдуллаһ ибн Омар (оған Алла разы болсын) сияқты Хиджаздағы (Мекке, Мәдина) көрнекті тұлғалардың Язидтің тағайындалуына қарсы болғандығын білді. Оған қоса, Ирактың адамдары Язидтің жеке тұлғасына қарсы ойларын жазып, оған көптеген хаттар жіберді (Мына жерді қараңыз: Тарих әт-Табәри, 4/262, Әл-Бидая уә н-Нихая, 8/151).
 
Сондай ахуалда Хусейн (оған Алла разы болсын) Язидті Шам адамдары ғана заңды басшы деп мойындағандықтан, оның билігі басқа мұсылмандарға таңылмауы керек деп санады. Соған байланысты, Хусейн (оған Алла разы болсын) Язидті мұсылмандарға өз билігін күштеп мойындатқысы келетін зұлым басшы деп есептеді, сондықтан, озбыр басшының мұсылман үмбетін басқаруына жол бермеуді өзінің діни борышы деп білді.
 
Сол себепті де, Хусейн (оған Алла разы болсын) Язидтің билігі туралы шындықты білу үшін Муслим ибн Әқылды (оған Алла разы болсын) Куфаның адамдарына жіберді. Оның бүлік шығаратын ойы болған жоқ, бірақ, мәселенің анық-қанығына жеткісі келді.
 
Хусейн (оған Алла разы болсын) Язидті бүкіл ислам жерлеріне билігін орнатты деп санаса, жағдай басқаша болар еді. Ондай жағдайда ол, әрине, оның билігін мойындап, қарсы шықпас еді. Бірақ, ол Язидті билікке хақы жоқ озбыр басшы деп ойлады да, оны тоқтатуды дұрыс деп тапты. Оның Куфа тұрғындарымен жақындасуына осы себеп болды. Бірақ, ол Куфаның адамдарының оған опасыздық жасап, Язидтің жағына өтіп кеткендерін білгенде (бірақ, олар оған адал болуға уәде берген еді) оларға үш нәрсе ұсынды. Солардың бірі мынау болатын: «Мен адалдыққа кепілдік ретінде өз қолымды Язидтің қолына табыстаймын» (Мына жерді қараңыз: Тарих әт-Табәри, 4/313).
 
Осыдан белгілі болғаны, Хусейн (оған Алла разы болсын) мұсылмандардың көпшілігінің Язидті қолдағандарын көргенде оны басшы ретінде мойындауға келісті. Алайда, Убайдуллаһ ибн Зияд Хусейннің (оған Алла разы болсын) дәлелдерін тыңдауға құлықсыз болды, сөйтті де, оған сөзсіз бағынуды әмір етті. Хусейн (оған Алла разы болсын) оның бұйрықтарына бағынуға міндетті емес болатын, сондай-ақ, ол өз өмірі үшін алаңдады, сол себепті, оның Ибн Зиядпен шайқасудан басқа амалы қалмады. Бұл шешім Кербеледегі қайғылы оқиғаның бастамасы болды (Аталмыш оқиға мына мақалада толығырақ сипатталған "Кербеле шайқасы")
 
Қорытындылай келе, тағы да айтарымыз, мұсылмандарға өз әміршілеріне қарсы шығуға рұқсат етілмейді, мейлі ол озбыр болсын, мейлі күнәһар болсын. Хусейннің (оған Алла разы болсын) Язидке қарсы шыққан себебі – Язидтің билігі әлі түбегейлі түрде орнамаған болатын, сондықтан, ол оның (Язидтің) әмірші болып тағайындалуына қарсы тұруым керек деп санады.
 
2. Сіздің «шииттер секілді Язидті қарғап-сілеуге бола ма» деген екінші сұрағыңызға келер болсақ.
 
Біріншіден, айта кететіні, бұл мәселе Қиямет күні бізден сұралатын діннің басты негіздеріне жатпайды. Сол себепті, көптеген ғұламалар діннің бұдан да маңыздырақ тұстарына көңіл бөліп, бұл мәселені талқылаудан аулақ болуды кеңес еткен.
 
Екіншіден, ол қандай күнәһар болмасын, мұсылман адамды қарғауға болмайтынына ғұламалардың келіскенін ұғынып алу қажет.
 
Имам Нәуәуи (рахимахуЛлаһ) былай дейді:
 
«Барлық мұсылман ғұламалардың бірауызды пікіріне сәйкес, мұсылманды қарғауға тыйым салынады (харам). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүмінді қарғау оны өлтірумен парапар» (Сахих Бұхари).
 
Күнәһарларға келер болсақ, оларды жалпыға ортақ мынадай сөздермен қарғауға жол беріледі: «Адасушыларға Алла Тағаланың лағынеті болсын», «Қанаушыларға Алланың лағынеті болсын». Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейде күнәһарларды жалпылай қарғағандығы риуаят етілген. Алайда, кісі өлтіру, зинақорлық, әділетсіздік сияқты қандай да бір ауыр күнә жасаған белгілі бір адамды қарғауға болатын-болмайтындығына қатысты ғұламалардың арасында келіспеушілік бар. Ғұламалардың көпшілігі, атап айтқанда, имам Ғазали де, рахимахуЛлаһ, бұған тыйым салынады деп санаған. Күпірлікте өлгендері бекітілген Әбу Ләһаб, Әбу Джәхл, перғауын, Аман және солар сияқты күнәһарларды қарғауға рұқсат етіледі» (Мына жерден қараңыз: имам Нәуәуидің Әл-Азкары мен «Умдат әс-Салик», 772-73 беттер).
 
Сол себепті, Язидтің кәпір күйде өлгендігі, яки оның Хусейнді (оған Алла разы болсын) өлтіруді рұқсат деп санап, тәубесіне келмегендігі анықталғанда, оны қарғауға болар еді. Алайда, (Язидке қатысты) мұндай жайттар анықталмағандықтан, оны қарғауға тыйым салынады.
 
Шынында да, кейбір ғұламалар оны қарғаған (мәселен, имам Тафтазани, Шарх аль-Ақаид ән-Нәсафия, 2845 бет), бірақ, алимдердің көпшілігі оны қарғаудан тыйған. Біріншіден, Язидтің Хусейнді (оған Алла разы болсын) өлтіруді жақтағандығы немесе оны өлтіруге бұйырғандығы түбегейлі түрде анықталған жоқ. Оның өз жақтастарының бұл әрекеттеріне қынжылғандығы жайлы бірнеше хабарлама бар, ол Хусейнді (оған Алла разы болсын) өлтіруді қолдағанның өзінде басқа да үлкен күнәлар секілді, кісі өлтіру адамды кәпір етпейді.
 
Имам әл-Ғазалидің (рахимахуЛлаһ) айтуынша, Язидті қарғамақ түгілі, ол Хусейнді (оған Алла разы болсын) өлтірді немесе өлтіруге бұйырды деуге де рұқсат етілмейді. Себебі, тиянақты дәлелсіз мұсылманға қандай да бір күнәні таңуға тыйым салынады. (Молда Әли әл-Қаридің Шарх Бәдуль Әмәли, 123-125 беттерін қараңыз).
 
Оның үстіне, ол былай дейді:
 
«Егер қандай да бір мұсылманның басқа мұсылманды өлтіргендігі анықталса, ақиқат адамдарының (ғұламалардың) пікіріне сәйкес, ол кәпір болмайды. Кісі өлтіру күпірлік емес, бірақ, ауыр күнә. Сонымен қатар, кісі өлтірген адамның өлер алдында тәубеге келген болуы ықтимал. Егер кәпір адам өзінің күпірлігіне өкініп, тәубеге келіп өлер болса, оны қарғауға рұқсат етілмейді, демек, жасаған күнәсына өкініп, тәубесіне келіп үлгергендігі ықтимал болған мұсылманды қарғауға мүлде болмайтыны сөзсіз. Хусейннің (радыаЛлаһу әнһу) қанішері өлер алдында тәубесіне келді ме, жоқ па, ол жағы бізге беймәлім» (Сол жерде).
 
Сонымен, қандай да бір күнәһарды қарғауға болады деген пікірді ұстанған күннің өзінде бұл міндетті (парыз), қажет (уәжіп) немесе абзал (мәндуб) амал емес. Ол тек қана рұқсат етілетін (мубах) амалға жатады.
 
Осылайша, Язидке лағынет айтудан мейлінше аулақ болғанымыз жөн. Себебі, бұл амал үшін ешқандай сауап жоқ. Сонымен қатар, бұл тұлғаны мүлде талқылаудан да тыйылып, одан да дініміздің әлдеқайда маңыздырақ тұстарына мән бергеніміз дұрыс. Лайым Алла Тағала бізге дінімізді шынайы тұрғыда түсінуімізді нәсіп еткей. Әмин.
 
Ал, ең дұрысын Алла біледі.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Ережеп айының айрықша оқиғалары
Барша халықтардың тарихында елеулі оқиғалар, елеулі күндер, апталар және айлар бар. Мұсылмандардың да тарихы да сондай. Біздің тарихымыз еске алуға тұрарлық оқиғалар мен құбылыстарға бай. ...
7 517
23 марта, 18
Image
Алланың сарбазы – Абдуллаһ ибн Зубәйр
Абдуллаһ ибн Зубәйр (Алла ол кісіге разы болсын) – Исламдағы бірінші халифа Әбу Бәкірдің (Алла ол кісіге разы болсын) немересі. Ол әйгілі сахабаның сахаба ұлы еді. Анасы – Әбу Бәкірдің қызы ...
1 295
13 марта, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Хайбар шайқасы қай кезде болған және оған қанша сахаба қатысқан?
Сұрақ: Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Хайбар, хайбар, йә, Яхуд», - дегені хабарланған хадиске сілтеме бере аласыз ба? Хадисте сол жайлы айтыла ма? Хайбар шайқасы қай ...
1 340
6 октября, 17
Image
Пайғамбарымыздын (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті жайлы тоғыз қызықты мәлімет
Өмірде сұлулыққа толы құбылыстарды көргенде біз жиі, «Жер бетіндегі Жәннат» деп айтып жатамыз. Шын мәнінде, бұл тіркеске сай келетін тек бір ғана мекен бар. Жасыл кілемдермен төселіп, миллио...
5 393
1
21 октября, 14