Image
«Шарли Эбдоға» жасалған шабуылға ислами көзқарас
Біз мұсылман ретінде сотсыз адам өлтіруді қолдамаймыз, рұқсат етпейміз және ынталандырмаймыз. Біз соттан тыс жазаға кесудің («Линч сотының») құзыреттілігіне сенбейміз. Ешбір адам өз бетімен ...
4 360
16 января, 15

«Шарли Эбдоға» жасалған шабуылға ислами көзқарас

4 360
16 января, 15
АВТОР ЦИКЛА
«Шарли Эбдоға» жасалған шабуылға ислами көзқарас

«Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар [тәлкекке ұшырағандар] (Алланың алдында) өздерінен (тәлкек қылатындардан) жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен [келемеждейтіндерден] жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер [бір-біріңді ғайбаттамаңдар]; жаман ат тағыспаңдар...» (49-сүре, 11-аят).

 

Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән және көсеміміз әрі көшбасшымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ерекше сәлем болсын.

Құрметті Исламдағы бауырлар,

«Шарли Эбдо» атты француз газетінің кеңсесіндегі кісі өліміне алып келген атыс тағы да бүкіл жұртшылықтың назарын Ислам мен мұсылмандарға аударды. Қанды қырғынның бірнеше нұсқасы бар:

1. Бұл қырғынды АҚШ-тың Ирактағы ИЛИМ-ге қарсы әрекеттеріне жауап ретінде Ислам мемлекеті (ИЛИМ) ұйымдастырған.Франция (сол әскери іс-әрекеттерде) жетекші рөл атқарады және ИЛИМ-ге қарсы күресте АҚШ-тың ең күшті одақтастарының бірі болып табылады.

2. Бұл - 2013 жылы Әл-Каиданың осы газеттің редакциясына қатысты шығарған «Исламға қарсы қылмыс жасағандардың тірілеріне де, өлілеріне де іздеу салынады» деген пәтуасының нәтижесінде жасалған шабуыл.

3. Бұл - жалған шабуыл (өтірік қойылған көрініс) жасау арқылы  мұсылмандардың ахуалын қиындатып, жорамалды ланкестермен күресу мақстанда бұрынғыдан да (2001 ж. 9-қыркүйектен кейін қабылданған заңдардан да) қатал заң қабылдауға жағдай жасау үшін жүзеге асырылған іс-әрекеттер.

Әлде, мүмкін, Палестинаны жақтап дауыс бергені үшін Парижді әлдекім жазаламақ болған шығар? Бір ай бұрын (Франция парламентінің) төменгі палатасы Палестинаны мемлекет ретінде тану идеясын қолдап дауыс берген болатын.

Мәселе мынада: сол кісі өлтіруді ұйымдастыруда мұсылмандар айыпталды. Себебі, (шабуыл жасағандардың) бірі тәкбір айтып айқайлаған, ал, екіншісі Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үшін кек қайтарғандарын айтқан. Десе де, аталған жәйттер бар кінәні мұсылмандардың мойнына арта салуға негіз бола алмайды.

4. Бұл – Францияда өріс алып келе жатқан мұсылмандардың маргиналдандыруға* берілген жауап:

- Жалпы халық саны 61 миллион адамды құрайтын Францияда мұсылмандардың саны – шамамен 6 миллион. Франция халқының 85% өздерін римдік-католиктік шіркеудің жолын ұстанушылардың қатарына жатқызады. Мұсылмандардың үлесі 10%-дан сәл аздау .

- Францияда исламдық киім киюге (мемлекеттік мекемелерде хиджаб киюге) тыйым салынған және (мешіттерде) мұнара салуға тыйым салынған.

- Франциядағы қамалғандардың 60 пайызы - мұсылмандар.

- Мұсылмандар геттода, оқшауланған аудандарда шектен шыққан кедейлік жағдайында өмір сүруде.

- Мұсылмандар «Шарли Эбдо» басылымының тіл тигізуі, кемсітуі сияқты айыптаулар мен қорлауды басқа да баспасөз беттерінен үнемі көреді, ал «Шарли Эбдо» болса ең қорлаушы, нәсілшіл және жиіркенішті басылымдардың бірі болатын және ол Ислам мен мұсылмандарды келеке қылып, оларға тіл тигізіп, қаралау арқылы ақша табатын. Олар Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бейнесін ерсі, ұятты күйде әжуа-мазақ сурет етіп жариялады. Карикатура 1,6 миллиард мұсылманның намысын қорлайтын арандатушылық сипатта болды.

Біздің жауабымыз қандай болмақ?

1. Біз мұсылман ретінде сотсыз адам өлтіруді қолдамаймыз, рұқсат етпейміз және ынталандырмаймыз. Біз соттан тыс жазаға кесудің («Линч сотының») құзыреттілігіне сенбейміз. Ешбір адам өз бетімен мұндай заңды қолына ала алмайды.

2. Біз 1,6 миллиард мұсылман қауымының намысын қорлағаннан ләззат алған «Шарли Эбдо» қызметкерлерін жоқтай алмаймыз. Біздің оларға жанымыз ашиды – олардың жеккөрінішпен өмір сүріп, жеккөрінішпен өлуді таңдағандары өкінішті-ақ. Өздерінің нәсілшілдік көзқарасының шырмауынан шыға алмай, көздері байлаулы болғаны өкінішті-ақ.

3. «Сөз бостандығы» ұстанымынан табанды түрде таймай келе жатқан Батыс өз көзқарасын қайта қарастырғаны жөн. Жаланы, қорлауды, кемсітушілікті, өсек-аяң жинауды заңдастырып, соларға жол беретін «сөз бостандығы» сөз еркіндігінен гөрі орта ғасырлардағы қатыгездік түнегіне әлдеқайда көбірек ұқсайды.

4. Исламдағы сөз бостандығы адамның ар-намысы мен абыройына негізделген. Сөз бостандығы шексіз болмауы тиіс! Әрбір құқық соған сәйкес жауапкершілікпен (соны жүзеге асыру үшін) беріледі:
 

«Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар [тәлкекке ұшырағандар] (Алланың алдында) өздерінен (тәлкек қылатындардан) жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен [келемеждейтіндерден] жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер [бір-біріңді ғайбаттамаңдар]; жаман ат тағыспаңдар...» (49-сүре, 11-аят).

5. Құран Мұхаммед Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «әлемдерге жіберілген Рақым» деп сипаттайды. «Шарли Эбдо» болса, оны бейнебір құбыжық және адамзатқа жіберілген лағынет ретінде бейнелейді.  Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рақымшылдығын көрсету үшін мұсылмандардың қолдарына қару алуы жарасымды қылық па?
 

«Арабтан шыққан ұлы Пайғамбардың өмірі мен мінезін оқып-үйренген және оның қалай өмір сүргені мен нені үйреткенін білген әрбір адамның, Алла Тағаланың ұлы елшілерінің бірі – құдіретті Пайғамбардың тұлғасына құрметпен қарамауы мүмкін емес. Менің сіздерге баяндайтын хикаямдағы  көп нәрселер көпшілігіңізге белгілі болғанымен, мен соны әр оқыған сайын Арабияның ұлы Ұстазына бұрынғыдан да асқан өзгеше сүйсініспен қарап, оның алдында құрметпен бас иемін» (Анни Безант* «Мұхаммедтің өмірі мен тағлымы»).

*Маргиналдандыру – қандай да бір әлеуметтік топтардың арасында тұрған адамның психикасына белгілі бір ықпалын тигізіп, із қалдыратын екіұдайы күйін білдіретін әлеуметтік ұғым.

*Анни Безант (1847 – 1933 гг. жизни) – ағылшын жазушысы, философ, қоғам қайраткері.