Image
Шейх Фәрәз Рәббәни: Әл-Кәһф сүресінің он аяты – Дәжжәлдан қорғаныш
1-ші сұрақ: Мұсылмандардың қазіргі қиын-қыстау заманында біз Дәжжәлдің фитнәсына дайын болуымыз керек. Естуімше, Кәһф сүресінің ең болмағанда 10 аятын жатқа білу керек, бірақ кей жерде алғаш...
4 505
25 февраля, 16

Шейх Фәрәз Рәббәни: Әл-Кәһф сүресінің он аяты – Дәжжәлдан қорғаныш

4 505
25 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Шейх Фәрәз Рәббәни: Әл-Кәһф сүресінің он аяты – Дәжжәлдан қорғаныш

Сұрақ:  1. Мұсылмандардың қазіргі қиын-қыстау заманында біз Дәжжәлдің фитнәсына дайын болуымыз керек. Естуімше, Кәһф сүресінің ең болмағанда 10 аятын жатқа білу керек, бірақ кей жерде алғашқы он аяты, ал кей жерлерде соңғы он аяты деп айтылады. Осы мәселені түсіндіріп берсеңіздер? 2. Кәһф сүресін жұма күнінің кез келген уақытында оқуға болады ма, әлде міндетті түрде жұма намазына дейін оқып бітіру керек пе?

 
Жауап:
 
Ассалаумағалейкум.

Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткендей, Кәһф сүресінің алғашқы да, соңғы да 10 аятын оқыған жөн[1]. Сондай-ақ, әр жұма сайын бүкіл сүрені оқыған дұрыс.

Имам Мунзири (оған Алланың рақымы болсын) «Әт-Тәрғибуәт-Тәрһиб» кітабында бұған бір тарауын арнаған. Онда ол Кәһф сүресінің алғашқы 10 және соңғы 10 аяттарын оқуға шақырады:
 

«Әбу әд-Дарда (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін хабарлайды: "Кімде-кім Кәһф сүресінің басын оқыса, ол Дәжжәлдан қорғалады"[2].


Мұслим мен Әбу Дәуіттің басқа риуаятында соңғы 10 аяты жайлы айтылған. Тирмизи мынадай сөздерді келтіреді: 
 

"Кімде-кім Кәһф сүресінің басындағы үш аятты оқыса, ол Дәжжәлдің бүлігінен қорғалады"[3].

 
Имам Әш-Шәфиғи (оған Алланың рақымы болсын) "Умм"-да былай жазады:
 
"Бізге жеткендей, кімде-кім жұма сайын Кәһф сүресін оқыса, ол Дәжжәлдан қорғалады"[4].

Ең жақсысы, әл-Кәһф сүресін бейсенбіден жұмаға қараған түні түгелдей оқу, және жұма күні шам намазына дейін оқу. Ибн Әбидин (оған Алланың рақымы болсын) былай деген:
 
"Игілік жасауға асығып, әрі естен шығарып алмас үшін, оны (оқуды) күннің алғашқы басында істеген жақсырақ"[5].
 
Бұның сүннет екенінің тағы бір дәлелі – Хәкім мен Байһақи келтірген Әбу Сағидтің хадисі.
 

"Кімде-кім жұма күні Кәһф сүресін оқыса, келесі жұмаға дейін нұрланады"[6].


Бұл хадиске түсініктеме берген Нәуәәи имам, Қуртуби имам, Қари имам және басқалары секілді әлімдердің пікірінше, бұның мәнісі келесіде:
 
Бұл сүреде өте маңызды белгілер бар. Дәжжәл оны үнемі оқып, ойланатын адамды адастыра алмайды.

Жалпы алғанда, сүреде Аллаға деген шын сенім мен материализм арасындағы тартыс туралы айтылады. Ойланып-толғану үшін.

Бұл құпия білім тек Аллаға мәлім, және біз оны нық сеніммен орындауымыз керек, себебі ол Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалған өсиет.

Ал Алла жақсы біледі.

 

[1] Құранның 18-ші сүресі

 

[2] Мұслим, Әбу Дәуіт, Нәсәи және басқалар, бұл нұсқасы Мұслимнен алынған

 

[3] Музири, Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб 2172-2173

 

[4] Шәфиғи, әл-Умм, 1.239

 

[5] Ибн Әбидин, Рәдд әл-Мұхтар, Жұма тарауы

 

[6] Ибн Хаджар, Тәлхис әл-Хабир

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Кез-келген есіктің кілті
Бір күні имам Ахмад ибн Ханбалдың танымал шәкірті имам Бакы ибн Махлядке (рахматулла алейхи), қайғы жұтқан бір әйел келіп, былай дейді: «Менің жалғыз ұлым византиялықтарға тұтқынға түсіп қал...
3 335
12 января, 16
Image
Өмірімізде қайта жаңғыртуға тиісті болған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 12 сүннеті
Бұл мақалада біз, бұл өмірдегі табыстылыққа және ақыретте, Алланың қалауымен сүйікті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ортасында болуға үміт арта отырып, Пайғамбардың (о...
7 594
29 декабря, 15