Image
Шошқаның терісін қалай ажыратамыз?
Оқырмандардың жиі қоятын сауалдарының бірі: «Аяқ киім мен сөмкенің шошқа терісінен жасалғандығын қалай анықтаймыз?» Мұсылман адамға заттың қандай материалдан жасалғанын білу өте маңызды. Со...
10 562
10
5 сентября, 14

Шошқаның терісін қалай ажыратамыз?

10 562
10
5 сентября, 14
АВТОР ЦИКЛА
Шошқаның терісін қалай ажыратамыз?
Оқырмандардың жиі қоятын сауалдарының бірі: «Аяқ киім мен сөмкенің шошқа терісінен жасалғандығын қалай анықтаймыз?»  Мұсылман адамға заттың қандай материалдан жасалғанын білу өте маңызды.
 
Сонымен, шошқа терісі. Сән өндірісінде әшекейлерді жасауда мәселен аяқ киім, белбеу және сөмкелер тағы басқа көптеген сәндік бұйымдарды даярлауда шошқаның терісін пайдаланады, себебі ол арзан, ал оның арзандығы заттың құнын да біршама түсіреді, шошқаның терісін илеу жеңіл ме, әлде оның терісі қол жетімді ме әйтеуір, мұның немен байланысты екенін білмеймін. 

Осы мақаладан мұсылмандар өздеріне пайда алып, қандай заттың неден жасалғанын ажырата алатын болар деп үміттемін. Шынайы өмірде өзіне тән белгілеріне және де құрылымына қарап шошқаның терісін ажырата аламын. Әңгіме интернет- дүкен жайлы болып жатқандықтан шошқаның терсін өзге теріден ажырата алатын қарапайым тәсіл бар.

1. Физикалық ерекшелігі.
 
Шошқа терісінің ең басты белгісі – бұл терінің үстінде үш нүктелі айшықтың болуы. Жақсылап қарасаңыздар, үш нүктелі айшықтың әртүрін көре аласыздар, бірақ оларға ортақ белгі бар: үш нүкте бір- біріне жақын орналасқан. Мен оларды Микки Маус таңбасы деп атаймын, себебі... ұқсас емес пе?
 

 
Тағы бір белгісі – тесіктері бет жағында анық көрініп тұрады. Шошқаның терісінен тесіктерді тез байқауға болады. Кейбір өнім шығарушылар барынша ол тесіктерді білдіртпеуге тырысады. Алайда Мейірімді Алла Тағаланың қалауымен дұрыс емес нәрсе толық жасырына алмайды. Сонымен, шошқаның терісін суреттен қалай тануға болады?
 
Өте оңай. Сіздер оны тез аңғарасыздар.
 
Мысалы, мына ұлтарақ анық шошқа терісінен жасалған.
 

Бұл да, себебі үш нүкте көзге анық көрініп тұр.


 
Бұл шошқа терісінен жасалған ұлтарақтың басқа түрі. Суретті ұлғайту арқылы үш нүктені көруге болады. Тесіктері де анық көрінеді.

 
Шошқа терісінен жасалған ұлтарақтың бейтарап түсті етіп жасалуы.


 
Тесіктерді көріп тұрсыз ба? Ия. Ендеше бұл шошқа терісі!


 
Мен мұны шошқаның терісінен жасалған күдері деп атаймын. Тіпті күдері болса да тесіктері анық көрінуде. Тіпті үш нүктені де байқауға болады.


 
Ал мынаны «тегістелген» шошқа терісі деймін. Менің ойымша бұл кәрі шошқаның терісі болуы мүмкін.


 
Сіздің ойыңызша бұл шошқаның терісі ме? Ия!


 
«Тегістелген» шошқа терісінің тағы бір түрі. Тесіктер өте қаты тегістелгенімен көрініп тұр.


 
Sandro фирмасының мына аяқ киімі сізді шатастыруы мүмкін. Бірақ бұл сиыр терісінен жасалған. Бірақ, тоқтаңыз, сіз үш нүкте көріп тұрған жоқсыз ба?


 
Ал мына жерде – тегістелген шошқа терісі. Asos фирмасының өнімдері негізінен қой терісінен жасалады. 
 
Егер сіздер қағазынан шошқаның терісі емес деген жазуды оқыған болсаңыз, аяқ киімнің жан терісіне қараңыз. Себебі кейбір өнім шығарушылар заттың бағасын арзандату үшін аяқ киімнің жан терісін шошқаның терісінен жасайды. Төменде бірнеше мысалы көрсетілген:












Терінің шошқаның терісі емес екенін қалай білуге болады? Өзге жануарлардың терісі қалай болатынын естеріңізге сақтап алыңыздар

Жас сиырдың терісі үлкен бұқаның терісіне қарағанда жұмсақ әрі тегіс болады. Терінің беті бір тегіс болады.Қойдың терісінде кішкентай тесіктер байқалады. Бірақ олар шошқанікіндей үш нүкте болып топталып тұрмайды. Жоғарыдағы Asos- тың өніміне қараңыздар.
 
Енекенің (буйвол) терісі үлкен бұқаның терісіне ұқсайды. Бірақ кішкене кедір- бұдырлы әрі сөмке жасауға ауыр. Ал бұзаудың терісі шошқа мен қойдікі секілді емес, оның тесіктері көрінбейді.
Маралдың терісі жас бұзаудың терісіне ұқсас, оның да тесігі көрінбейді және кедір- бұдырсыз. Қолмен ұстап қараған кезде оны өзге терілерден тез ажыратуға болады.
 
Түйеқұстың терісін тану оңай. Оның тесіктері қатты білінеді, олар жол- жол болып анық көрініп тұрады. Осы жағынан ол шошқа терісіне қатты ұқсайды, бірақ түйеқұстың терісіндегі тесіктер үшеу емес, жалғыздан тұрады.
 
Бұзау терісінен жасалған ұлтарақтың үлісі:







 
Бұл шошқа терісі емес, себебі бұлар тесіктер емес, бұл арнайы тесілген тесіктер.
 



Кейбір кезде сіздерге күмән келер болса, ол сөзсіз шошқаның терісінен жасалған. Мысалы мына McQ аяқ киіміне назар салыңыздар:


 
Мынандай теріні көрген соң, шошқанікі ме әлде тегістелген бұзау терісі ме деген күмән туады. Алайда анықтап қарар болса, бұл терінің шошқанікі екендігін көруге болады.

2. Иісі.

Иісті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Айтарым, шошқа терісінің иісі өткір болып келеді. Ал бұзаудікін құшырлыға жатқызуға болады. Бірде интернеттен бәтеңке сатып алған едім. Суретіне қарап шошқаның терісінен емес деп сенімді болдым. Суретте жан терісінің суреті болмаған еді. Тапсырысым келген соң ашып қарадым, сол кезде таныс иіс – шошқа терісінің иісі мұрныма келді. Бірақ қай жерінде шошқа терісі болуы мүмкін деп қарастырсам, жан терісі шошқанікі болып шықты.

3. Бағасы.

Тауардың шошқаның терісінен жасалғанын анықтауға болатын тағы бір жол (әсіресе интернет- дүкеннен) – бағасына қарау. Арзан аяқ киімнің ұлтарағы шошқаның терісінен жасалады, сондықтан да оның бағасы арзан болып келеді.

Сәндегі аяқ киімдерді алмаймын, себебі олардың ұлтарақтары түгелдей шошқаның терісінен жасалады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Өйткені солардың аяқ киімін Лондонның дүкендерінде өзім көргем.

Олар мына маркалар:  

 Kurt Geiger (әсіресе арзан түрі)
 
 Hudson.
 
 Swear.
 
 Орта қол дүкендері, мысалы: Topman, River Island, New Look.
 
 H&M- да кей кездері шошқаның ұлтарағын салса, кейде синтетикалық ұлтарақ салады.    
 
 Asos- тың көп аяқ киімі.
 
 Nike- тің көп аяқ киімі.

Gucci, Prada, Fendi маркаларына келер болсақ, олар бұзау терісін пайдаланады деп сеніммен айта аламын. Сондықтан да олар қымбат тұрады.
 
Ең бастысы – САТЫП АЛАР АЛДЫНДА ТЕКСЕРІҢІЗДЕР. Терінің шошқанікі еместігіне көз жеткізіңіздер. Тіпті Gucci немесе Fendi фирмасынан да шошқаның терісінен жасалған бұйым шығуы мүмкін. Айта кету керек, Gucci-дан әйелдерге арналған сөмкелер шыққаны ашық жарияланған. 

Егер күмәнданып тұрсаңыздар, сатып алмаңыздар. Мұсылман ретінде мен еш уақытта да шошқа терісінен жасалған бұйым сатып алмаймын.


Қайнаркөз: zabigfatblog.blogspot.com

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Біздің әлсіз жеріміз – сәлем намазы (тахийәтул- мәсжид)
Үйіңізге келіп отырып, өзінің бір істерімен айналысып, бар қажеттіліктеріне қол жеткізіп, сізбен тіпті аман-саулық сұраспай кетіп қалған қонақты елестетіңізші?... Қонақтың бұл қылығының соңы...
2 397
10 апреля, 18
Image
Тұрмысқа шыға алмай қойдым
Сұрақ: Маған құда түсіп келген жігіттер болды, бірақ, біршама уақыт өткеннен кейін менімен некеге тұрудан бас тартып жатты. Соған көңілім құлазып, еңсем түсіп кеткен жайым бар. Тұрмысқа шығу...
1 883
7 апреля, 18

Комментарии: 10

Правила форума
Avatar
Gabdulla
1
Dzhazak Allahu hoiran
6 сентября, 14
Avatar
Quanyshbek
0
Assalyamu aleikum ua rahmatullahi ua barakyatuh. Qazaqstanda ortamen ayaq kyim bagasy 15myn tengeden bastalady al ortasha jalaqy 40-50myn tenge. Suraq: Qysta barimiz Fendi kiyuimiz kerekpe alde baipaq kiyuimiz kerekpe? Patua barma dini basqarma tarapynan? Allah razy bolsyn!
7 сентября, 14
Avatar
yerlibek
1
ассаламуалейкум. егер алып койган аяк киiм шошканыкине уксап турса не истеймиз?
7 сентября, 14
Avatar
*Rustem*
0
Шошқаның еті харам екені анық, ал терісін жемей сыртқа пайдалану соған кіре ме? иттің терісінен жасалған бұйым ше?
8 сентября, 14
Avatar
Знание прежде слов и дел
-1
Ассаламу алейкум.иттің терісін илегеннен кейін (после дубления) қолдануға болады, ал шошқаны илегеннен кейін де қолдануға болмайды. Себебі, хынзыр Құран да харам делінген, тек оның еті ғана жеп айтпаған. осыны мен бір жерден оқығам, бұл менің өз бетінше айтқан сөзім емес.
9 сентября, 14
Avatar
Знание прежде слов и дел
1
оның еті ғана харам деп* айтпаған , АстағфируЛла.
9 сентября, 14
Avatar
Знание прежде слов и дел
0
из книги "Введение в Ханафитский фикх"Дубление кожДублением (дибаг) именуется любое действие, устраняющее дурной запах и препятствующее гниению кожи. Различаются два вида дубления:1. Дубление как таковое, которое осуществляется с помощью чистых веществ, приготовленных с этой целью (например, с помощью чернильного ореха, квасцов, соли и тому подобных вещей).2. То, что служит заменой дублению и достигается в целях устранения дурного запаха и предотвращения процесса гниения путём присыпания кожи землёй, чтобы она впитала влагу, или выставления её на солнце или ветер, чтобы она высохла.Кожа становится чистой после просушки, когда гниение ей уже не угрожает.[33] Дубление делает чистой кожу любых животных независимо от того, употребляются они в пищу или нет, на что указывают слова Пророка : «После дубления кожа становится чистой» (Муслим). В другой версии этого хадиса сообщается, что Пророк сказал: «Любая кожа после дубления становится чистой» (Ат-Тирмизи).Сказанное Пророком распространяется на все виды кожи, в том числе и на свиную, которая, как указывает Абу Йусуф, очищается благодаря дублению, однако основываться следует на утверждении, согласно которому свиную кожу дубление не очищает. Таким образом, она является исключением из общего правила, поскольку свинья нечиста сама по себе.[34][34] "Шарх аль-мунйа", 116.***Там же:Согласно единодушному мнению улемов, нельзя есть и кожу такого животного, мясо которого запрещено употреблять в пищу, поскольку дубление не имеет большей силы, чем убой скота, а убиение животного, мясо которого нельзя есть, не делает дозволенным употребление его в пищу.[38]Следует отметить, что совершаемое по шариату убиение любого животного, за исключением свиньи, делает его кожу чистым, даже если его мясо нельзя употреблять в пищу. Ниже приводятся указания на это.[38] "Радд аль-мухтар", 1/203.
10 сентября, 14
Avatar
Знание прежде слов и дел
0
кстати эту книгу скачивала со старой версий мечеть.кз )) а в азане ее нет, к сожалению.)если кому нужна книга, могу скинуть на почту, ин шаа Аллах.
10 сентября, 14
Avatar
Bekbol Kosbayev
0
Негізі менің осы азан.кз "Вопрос Имаму"дан оқыған сияқтымын. Шошқа еті ханафи мазхабы бойынша жеуге харам, ал оның терісінен шыққан бұйымдар киімдер харам болмайды деп, тек мәкрух болады дегенді. Бірақ Аллаһ біледі, біз не білеміз. Сондықтан Имамдарымыздан сұраймыз. Жауап күтеміз.Вообще-то кажется именно здесь в азан.кз в разделе "Вопрос Имаму" я читал что по ханафитскому мазхабу запрещено есть свинину, а использовать продукцию харамом не является, а считается макрухом. Но Аллах знает лучше, а что мы можем знать? Поэтому, спросим наших Имамов. Ждём ответа.
8 сентября, 14
Avatar
Bekbol Kosbayev
0
Құрметті Имам ағалар, жауап беретін уақыт табуыңзды өтінемін.Уважаемые Имамы, просим найти время для ответа.Аллаһ разы болсын!
9 сентября, 14

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Айналаңызға назар салыңыз, бәлкім Алланың ескертуін көрерсіз...
Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы көп айтылып жатыр. Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін қасиетті болған бұл айдың қарсаңында біз Алла Тағаланың тек мұсылмандар...
5 672
5 июля, 14