Image
Сопылардың хулюль және иттихад (адам мен Құдайдың бірлігі және Алла Тағаламен бірігу мүмкіндігі) сенімдерін ұстанатындары рас па?
Жақында Ғаламтордан сопылық (тасаууф) жайында түрлі мақалаларды қарап отырып, салафит-авторлар жазған мақаланы көзім шалып қалды. Олар сопылықты бидғатқа толы жалған жол, сопылар хулюль мен ...
3 563
5 марта, 15

Сопылардың хулюль және иттихад (адам мен Құдайдың бірлігі және Алла Тағаламен бірігу мүмкіндігі) сенімдерін ұстанатындары рас па?

3 563
5 марта, 15
АВТОР ЦИКЛА
Сопылардың хулюль және иттихад (адам мен Құдайдың бірлігі және Алла Тағаламен бірігу мүмкіндігі) сенімдерін ұстанатындары рас па?
Сұрақ: Жақында Ғаламтордан сопылық (тасаууф) жайында түрлі мақалаларды қарап отырып, салафит-авторлар жазған мақаланы көзім шалып қалды. Олар сопылықты бидғатқа толы жалған жол, сопылар хулюль мен иттихадтан (Алла Тағаламен бірігу мүмкіндігі және Алланың адамның бойына енуі) тұратын жалған ақиданы ұстанады деп жазыпты. Бұл рас па?
 
Жауабы:
 
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракятух!
 
Сопылық немесе тасаууф – бұл Әхлү-Суннаның ішіндегі жол немесе тәсіл. Оның мақсаты – адамның ішкі жан-дүниесін күнәдан тазартуға көмектесу (тазкият әл-батын), шариғат та адамнан соны талап етеді (1).
 
Бұл тәсілді немесе ғылымды кейбір сәләф ғұламалар (тақуа ата-бабаларымыз) дамытқан. Олардың ішінде Ибрагим әл-Адхам, (хижра бойынша 100 - 162 жж. өмір сүрген), Ма'руф Әл-Кархи (хижра бойынша 200 жылы көз жұмған), Сари Әс-Сакати (хижра бойынша 160 – 253 жж.) және Джунайд Әл-Бағдади (хижра бойынша 220 – 297 жж.) сияқты ғұламалар бар. [2]
 
Расымен де сопы деген атты жамылып, осындай қате теорияларды ұстанған адамдар болды. Бірақ, оларды сопылықтың жетекші имамдары ешқашан құптаған емес.
 
Басқа да исламдық ғылымдардың мәселесі де сондай. Көптеген ойдан шығарылған және жалған хадистер бар, тәпсір кітаптарында да жаңсақ және ойлап табылған хикаялар бар. Алайда, біз сол қателіктерге бола хадис немесе тәпсір (Құранды түсіндіру) ғылымдарынан бас тартпаймыз ғой. Сол сияқты, жалған сенім мен тәжірибені ұстанған кейбір топтарға бола бүкіл сопылық ғылымын айыптауға болмайды.
 
Хулюль (Жаратқанның адамның бойына еніп, онымен біртұтас болу мүмкіндігі) немесе иттихад (Құдай мен адамның бірлігі) сенімдері адасушылыққа жатады. Егерде қандай да бір адам бұларды тасаууфқа жатқызып, өзін сопымын десе, оның бұл атаққа ие болудағы талпынысы қабыл болмайды. Өйткені, тасаууф ғалымдары мұндай адасуды құптамаған.
 
Бұл мәселеге қызығушылық білдірушілер Әл-Кушайридің (хижра бойынша 465 жылы көз жұмған) «Рисаля», Әл-Ғазалидің (хижра бойынша 505 жылы көз жұмған) «Әл-Ихья», Абдул Кадир әл-Гейланидің (хижра бойынша 561 жылы көз жұмған) «Футух әл-Ғайб», Әс-Сирхиндидің (имам Раббани) «Әл-Мактубат» кітаптарын және басқа да тасаууф жөніндегі кітаптарды оқуына болады. Бірақ, ол кітаптардың бірінен де мұндай жалған сенімдердің ізін де таппайсыз.
 
Рухани ұстаз (муршид) іздеген адам оның (сопылардың шейхі дәрежесіне үміткер адамның) Әхлү-Сүнна уәл-Жамаға ақидасын ұстанатынына, шариғатты қатаң қадағалайтынына және мұндай адасқан теорияларды қолдамайтынына көз жеткізуі керек.
 
Ал, дұрысын Алла біледі.
 
[1] قال الحافظ البيهقي: أخبرنا أبو الحسين بن الفضل القطان، حدثنا عبد الله بن جعفر، حدثنا يعقوب بن سفيان، حدثنا إسحاق بن إبراهيم بن العلاء، حدثني عمرو بن الحارث، حدثني عبد الله بن سالم، عن الزبيدي، حدثني يحيى بن جابر، أن عبد الرحمن بن جبير حدثه أن أباه حدثه، أن عبد الله بن معاوية الغاضري حدثهم، أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: " ثلاث من فعلهن فقد طعم طعم الإيمان: من عبد الله وحده، فإنه لا إله إلا الله، وأعطى زكاة ماله طيبة بها نفسه رافدة عليه في كل عام، ولم يعط الهرمة، ولا الدرنة، ولا الشرط اللئيمة، ولا المريضة، ولكن أوسط أموالكم فإن الله عز وجل لم يسألكم خيره، ولم يأمركم بشره، وزكى عبد نفسه " فقال رجل: وما تزكية المرء نفسه يا رسول الله؟ قال: " يعلم أن الله معه حيث كان (شعب الإيمان، مكتبة الرشد، ج٥ ص٩) قال المحقق: إسناده حسن
وفى الحديث المشهور: الإحسان أن تعبد الله كأنك تراه وإن لم تكن تراه فإنه يراك
[2] طبقات الصوفية لأبي عبد الرحمن السلمي، الرسالة القشيرية، حلية الأولياء، وغيرها
[3] خلاصة وتسهيل قصد السبيل، إدارة المعارف، ص٢٢

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Имамға сауал: Миғраж Алла аспанда дегенге дәлел бола ала ма?
Әссәләмуғалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ. Менің сұрағым ақида мәселесіне қатысты. Жақында сәләфи бағытын ұстанып жүрген бауырларымызбен «Алла қайда» деген мәселеде таласып қалдық. Бір ж...
7 270
10 сентября, 14
Image
Мен қалай Ханафит болдым
Бала кезімде ауылды жерде тұрғанмын. Отбасым маған Құран жаттату үшін қай жерге оқыту керектігін білмеді. Ауылда әр жұма сайын айқай- шу болатын бір ғана мешіт бар еді. Барелвилер өз имамдар...
6 865
1
8 сентября, 14

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Бүкіләлемдік желіде (Ғаламторда) әдеп сақтау ережелері
Оқырмандарымызбен мына мәселе төңірегінде сөз қозғасақ деп едік. Баршамыз Ғаламторды пайдаланамыз ─ «ВКонтактеде», «Фейсбукта», «Твиттер»де немесе өзге де әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ ...
7 542
24 февраля, 15
Image
Кедейлік білімнің серігі
Сұрақ: Өмірін исламға қызмет етуге арнаған мұсылман адам, мейлі, ол ғұлама болсын, талибуль-ильм болсын, өз-өзін қалай асырайды? Мұны сұрап отырған себебім, көптеген ата-аналардың балаларыны...
5 656
28 ноября, 14