Image
Сүннет пен әдептің айырмашылығы неде?
Сұрақ: Сүннет пен әдептің айырмашылығы неде? Бұл дегеніміз, сүннет - хадистен алынып, әдеп хадистен алынбайды дегенді білдіреді ма? Олай болса біздерге әдептің не керегі бар – Пайғамбарымыз...
2 779
13 января, 16

Сүннет пен әдептің айырмашылығы неде?

2 779
13 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
Сүннет пен әдептің айырмашылығы неде?
Сұрақ: Сүннет пен әдептің айырмашылығы неде?  Бұл дегеніміз, сүннет - хадистен алынып, әдеп хадистен алынбайды дегенді білдіреді ма? Олай болса біздерге әдептің не керегі бар – Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінің өзі жеткілікті емес пе?
 
Жауап:
 
 
 
Әдеп дегеніміз - «этика» деген ұғымды қамтитын жалпы термин, ол өзіне Пайғамбарымыздың кейде ғана, тұрақсыз түрде жасаған амалдарын қамитды. (қараңыз: Баззазийя, Кашшафу истиляхатиль-фунун, 1 том, 53 бет).
 
Хафиз Ибн Хаджар (рахимахуллах) әдепке:
 
«мақтауға тұрарлық амалдарды жасау немесе әдемі сөздерді айту және көрке мінезге қол жеткізу», деген анықтама береді. (Фатхуль Бәри, 10 т., 414 бет).
 
Сүннет дегеніміз - хадистермен расталып, белгілі бір талаптарға сай келетін амалдар болып табылады. (Тухфатул Абрар, 9-16 беттер).
 
Неліктен бізге әдептілікті (көркем мәнер) ұстану қажет?:
 
«Баззазиййяның» авторы былай жазады: 
 
«Уәжіптің міндеті – парызды кемелдендіру, сүннеттің міндеті – уәжіпті кемелдендіру, ал әдептің міндеті – сүннетті кемелдендіру» (қараңыз: Кашшафу истиляхатиль-фунун, 1т.,  53 бет)
 
Абдулла ибн Мубарак, рахимахуллах: 
 
«Әдептің бір-де болсын амалын тастасам, Алла менен Өзінің берген нығметтерінің барлығын алып қояды ма деп қорқамын» - деген. (Имам Әл-Ишблидің «Китабу-тахаджуды» 132 бет).
 
Әуелгі салиқалы ұрпақтардан, солардың арасында имам Рувайма мен имам Әбу Али әд-Даккактан былай жеткен:
 
«Әдептің дәрежесін төмендеткен адамның жазасы - сүннеттің әсерінен ажыратылу болса, ал сүннетті тастаған адам парыздың әсерлерінен айырумен жазаланып, ақыры ол адам Алланың мейрімінен мақрұм қалады». (қараңыз  имам Әл-Ишбилдің «Китабу-тахаджуд», 132 бет және  имам әс-Субкидің «Маидун Ниамы» 85 бет).
 
Жоғарыда келтірілген сөздер әдептің маңыздылығы мен оны тастау қауіпті екендігін көрсетеді.

Алла Тағала жақсы білуші.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Марқұмды жоқтауға бола ма?
Сұрақ: Неге кейбір кісілер марқұмның артынан жылап, жоқтауға болмайды деп айтады? Мысалы, егер бір адамның жақыны өмірден озса, ол жыламауы керек пе?...
4 231
8 января, 16
Image
Мәһр қандай болуы тиіс?
Мәһрді қай кезде берген дұрыс: неке қиылған сәтте ме әлде одан кейін бе? Мәһр жайлы шешім қалай қабылданады? Оның мөлшері қандай болуы тиіс?...
5 191
28 августа, 15