Image
Таң және екінті намаздарынан кейін Алланы еске алудың құндылығы
Сұрақ: Алланы таң және екінті намаздарынан кейін еске алудың құндылығы жайлы риуаяттар келтіріңізші....
3 494
29 февраля, 16

Таң және екінті намаздарынан кейін Алланы еске алудың құндылығы

3 494
29 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Таң және екінті намаздарынан кейін Алланы еске алудың құндылығы
Сұрақ: Алланы таң және екінті намаздарынан кейін еске алудың құндылығы жайлы риуаяттар келтіріңізші.

Жауап:
 
1. Алланы еске алу үшін таңғы және кешкі мезгілдің қасиеттері туралы айтылған Құран аяттары:
 

«Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер» (30:17).

 

«Әй, мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. Оны ертелі-кеш пәктеңдер» (33:41-42).


2. Хадистер:
 
Әнәс ибн Малик (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят етеді:
 

«Таң намазынан таң атқанша Алланы еске алатын адамдармен уақыт өткізу мен үшін Исмаил үйінің төрт құлын азат еткеннен де сүйкімді; екінті намазынан күн батқанша Алланы еске алатын адамдармен бірге болу мен үшін төрт құлды азат еткеннен де сүйкімді» (Сунан Әби Дәуд, сенімді иснадпен жеткен 3659 хадис. Әл-Муғниән Хәмлил Асфар, 86 хадис және Хидәтур-Руиәт, 930 хадис).

Таң және екінті намаздарынан кейін зікір жасаудың құндылығы туралы көптеген риуаяттар келтірілген. Мунзири ғұлама бұл мәселеге өзінің «Тәрғиб» атты еңбегінде жеке тарау арнаған. (Тәрғиб, 1 том, 294-302 беттер).
 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Шейх Фәрәз Рәббәни: Әл-Кәһф сүресінің он аяты – Дәжжәлдан қорғаныш
1-ші сұрақ: Мұсылмандардың қазіргі қиын-қыстау заманында біз Дәжжәлдің фитнәсына дайын болуымыз керек. Естуімше, Кәһф сүресінің ең болмағанда 10 аятын жатқа білу керек, бірақ кей жерде алғаш...
4 507
25 февраля, 16
Image
Кез-келген есіктің кілті
Бір күні имам Ахмад ибн Ханбалдың танымал шәкірті имам Бакы ибн Махлядке (рахматулла алейхи), қайғы жұтқан бір әйел келіп, былай дейді: «Менің жалғыз ұлым византиялықтарға тұтқынға түсіп қал...
3 335
12 января, 16