Image
Тәлбина – мүбәрәк Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті асы
Тәлбина (تلبينة) – араб ботқасы. Бұл тағам ләбән, яғни сүттен жасалатын болғандықтан «тәлбина» деп аталған. Бұл өте пайдалы тамақ, сондай- ақ мұны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәл...
11 113
5
23 июня, 15

Тәлбина – мүбәрәк Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті асы

11 113
5
23 июня, 15
АВТОР ЦИКЛА
Тәлбина – мүбәрәк Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті асы
Azan.kz
Источник:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тәлбина (تلبينة) – араб ботқасы. Бұл тағам ләбән, яғни сүттен жасалатын болғандықтан «тәлбина» деп аталған. Бұл өте пайдалы тамақ, сондай- ақ мұны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі сүйіп жейтін болған.
 

عن عائشة زوج النبي 

أنها كانت إذا مات الميت من أهلها، فاجتمع لذلك النساء، ثم تفرقن إلا أهلها وخاصتها، أمرت ببرمة(قدر من حجارة أو نحوها) من تَلْبِينَة فطُبخت، ثم صُنِعَ ثَريد(خبز يفتت ثم يبل بمرق) فصُبَّت التَّلْبِينَة عليها، ثم قالت: كلن منها، فإني سمعت رسول الله 
 يقول: التَّلْبِينَة مُجِمَّةٌ لفؤاد(تريح القلب وتزيل عنه الهم وتنشطه) المريض، تذهب ببعض الحزن). [أخرجه مسلم في السلام، باب: التلبينة مجمة لفؤاد المريض، رقم2216.
 
Айша анамыздан (ол кісіге Алла разы болсын) жеткен хадисте бір туыстары қайтыс болған кезде әйелдер жиналды, кейін жақындары мен құрбыларынан басқасы тарасып кеткен кезде Айша анамыздың бұйрығымен бір табақ тәлбина жасадық. Одан соң оған тұздық ретінде сарид жасадық. Кейін Айша анамыз бізге былай деді: «Жеңдер, мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Тәлбина аурудың жүрегін тыныштандырады және уайым- қайғының жартысын алып кетеді» (Әл- Бұхари, 9/479; Муслим, 2216)

Тәлбина – күйзелістің шипасы
 
«Тәлбина аурудың жүрегін тыныштандырады және уайым- қайғының жартысын алып кетеді» - осы жерге назар аудару қажет. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзінде жалған болмасы хақ. Күйзеліс пен торығуға толы біздің уақытымызда тәлбина рухани уайымнан арылтып, құлшылыққа ден қоюымызға жәрдем бере алады.

Тәлбина иммунитетті көтереді. Авицена өзінің XI ғасырдағы «Дәрігерлік ғылымның каноны» атты еңбегінде арпа суының, сорпаның қызу көтерілгенге мың да бір ем екендігін жазып кеткен.

Тәлбина жақыныңнан айрылған қайғыны жеңуге жәрдем береді

Жоғарыдағы келтірілген хадистен белгілі болғанындай, мүміндердің анасы Айша (ол кісіге Алла разы болсын) өзге әйелдерге қазадан соң жүректерін тыныштандыру үшін тәлбинаны жеуге кеңес берген. Біздің қоғамымызда көптеген әйел адамдар жақынының қазасын көтере алмай жатады. Осындай жағдайда Айша анамыздың (ол кісіге Алла разы болсын) кеңесіне амал етуге болады. Сол кезде Алла қаласа, ол қайғыны жеңіл қарсы алуға септігін тигізеді.
 
Тәлбина. Өзіміз даярлайық.
 
Қазіргі таңда дүкендерден кез келген азық- түлік түрін табуға болады. Сондықтан да тәлбинаны сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі ен сәлемі болсын) деген үлкен сүйіспеншілік белгісі ретінде және де сүннетіне амал ету ниетімен өз үйіміздің ас мәзіріне енгізіп қоюдың бір мүмкіншілігі десек қателеспейміз. Дәмі жағынан ұнамаса да, адамдардың асылы – Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббатымызды білдірудің бір түрі деп санауға тұрарлық- ақ.
 
Дайындау тәсілі:
 
 Тәлбина ұсақталған арпадан жасалынады.
 
 Қазанға бір кесе су және екі кесе сүт құйылып, кішкене шыныаяқпен арпа салып, араластырылады.
 
 Жіті араластырып, дайын болғанша отқа қоямыз.
 
 Ботқа қою да, сұйық та болмауы қажет.
 
 Қайнап болған соң оттан  түсіруге болады.
 
Ботқа дайын! Оны балмен қосып жеу қажет. Балды ботқаға қосып жіберсе де болады.
 
Алла Елшісіне (оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын) деген махаббат
 
Саңлақ сахаба Абдулла ибн Масъуд (оған Алла разы болсын) егер Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір жерден екінші жерге орын ауыстырар болса, ол да соны қайталайтын еді.
 
Және де Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде жөтелер болса, ол (ол кісіге Алла разы болсын) да сол жерге барып жөтелетін болған.
 
 

حدثنا سليمان بن حرب حدثنا حماد بن زيد عن ثابت عن أنس رضي الله عنه أن رجلا سأل النبي صلى الله عليه وسلم عن الساعة فقال متى الساعة قال وماذا أعددت لها قال لا شيء إلا أني أحب الله ورسوله صلى الله عليه وسلم فقال أنت مع من أحببت قال أنس فما فرحنا بشيء فرحنا بقول النبي صلى الله عليه وسلم أنت مع من أحببت قال أنس فأنا أحب النبي صلى الله عليه وسلم وأبا بكر وعمر وأرجو أن أكون معهم بحبي إياهم وإن لم أعمل بمثل أعمالهم

3485
Бірде бір сахаба уағыз айтып отырған Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп Қиямет жайлы сұрайды. «Сен оған не дайындадың?»-, деп сұрады Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Ол болса: «Мен көп құлшылық, ораза я болмаса садақа дайындаған жоқпын. Алайда мен Алла мен Оның Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көремін»,- деп жауап береді. Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімді жақсы көрсең, сонымен бірге боласың»,- деді. Артынша Әнәс (оған Алла разы болсын): «Исламнан соң біз бұрын- соңды Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімді жақсы көрсең, сонымен бірге боласың»,- деп айтқан сөзінен басқа сөзге осыншалықты қатты қуанған емеспіз»,- дейді. Ары қарай Әнәс ибн Мәлик былай деп жалғастырды: «Мен Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір мен Омарды (дос тұтамын) жақсы көремін және оларға деген махаббатымның себебімен (қияметте) олармен бірге боламын деп үміт етемін».

Құранда Алла Тағала былай дейді:
 

قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَاللّهَفَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُاللّهُوَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللّهُغَفُورٌ رَّحِيمٌ سورة آل عمران

 
 
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла Тағала сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» (Әли Имран сүресі, 31 аят)
 
Құрметті оқырмандар, келесі мақаламызда сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дастарханынан орын алған басқа тағам түрі жайлы әңгімелеп, дайындалу тәсілін де үйрететін боламыз.
 
Астарыңыз дәмді болсын!
 
Авторы: Мухаммад Алимчулов

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Тұрмысқа шыға алмай қойдым
Сұрақ: Маған құда түсіп келген жігіттер болды, бірақ, біршама уақыт өткеннен кейін менімен некеге тұрудан бас тартып жатты. Соған көңілім құлазып, еңсем түсіп кеткен жайым бар. Тұрмысқа шығу...
1 883
7 апреля, 18
Image
Ережеп пен Шағбан айларына қадам басу…
Ережеп айында ай жаңадан туғанда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Рамазан айының келуіне дайындалу керектігін айтқан. Бұл екі ай бізге сол мақсатта (Рамазан...
9 971
17 марта, 18

Комментарии: 5

Правила форума
Avatar
Yakin
0
Усакталган арпа дегенимиз талкан ба?
14 июля, 14
Avatar
Абдуррахим
0
Маашаллах Аллаһ разы болсын жазушыдан.
15 июля, 14
Avatar
azamat1987
2
ассаляму алейкумячмень из него делается перловка и ячкамука ячменная есть в магазинах small также в пачках продается полуготовые ячменные хлопья
18 июля, 14
Avatar
Серiк Гайсинов
0
Ассалаумағалайкум уа рахматуллах уа баракатух.Орысша аудармасында еки кесе сут казакшада бир кесе сут делинди.Кайсысы аныгырак.Аллах разы болсын сиздерге.
23 июня, 15
Avatar
Ғалымжан.муслим
0
2 кесе сүт деп қазақшасында жазылған бауырым
27 октября, 15

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Пайғамбарымыз бен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдиналық яһуди ғалым
Зайд ибн Суъна Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында өмір сүрген Мәдинадағы атақты яһуди ғалымы болған. Ол жайлы бұл оқиғаны Пайғамбарымыздың (оған Алланың игі...
4 866
22 мая, 15
Image
Пайғамбарымыз Мұхаммед, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), қандай азық және тағам түрлерін қолданған?
Төмендегі тізімде Алла Елшісі, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), әдетте өзі қолданған әрі өзгелерге де кеңес еткен азық пен тағам түрлері келтірілді. Ал, толығырақ, нақты тізім мүфти...
5 441
17 марта, 15