Image
Түзелуге мүмкіндік
Мен бала кезімнен бері кішкентай, жабық жерлерден қорқатынмын және ондай жерлерден аулақ жүретінмін. Кейінірек, адамның мұндай күйінің клаустрофобия деп аталатынын білдім....
4 984
18 августа, 15

Түзелуге мүмкіндік

4 984
18 августа, 15
АВТОР ЦИКЛА
Түзелуге мүмкіндік
Мен бала кезімнен бері кішкентай, жабық жерлерден қорқатынмын және ондай жерлерден аулақ жүретінмін. Кейінірек, адамның мұндай күйінің клаустрофобия деп аталатынын білдім. Бірақ, сол күйі мұндай қорқыныштан арыла алмай қойдым. Енді еркімнен тыс жабық, тар жерге кіруге мәжбүр болдым.
 
Мен денем кебінге оралған күйі ұзын табыттың ішінде жаттым. Айналамда тұрған адамдардың сөйлескен дауыстары құлағыма анық естіліп тұрды. Көзім жабық болса да, олардың түрлерін анық көріп жаттым.
 
Олар: «Жастайынан қыршынынан қиылды, − деді де, содан соң жалғастырып, − Оның алда атқаратын жұмысы әлі көп еді», − деді.
 
Қаншама шаруаны аяқталмаған күйі жарты жолда тастап кеткенім рас еді. Ұлым үшін жақсы кәсіп ашып бере алмадым, көлік пен теледидардың ақыларын түгелдей өтей алмадым. Қылышын сүйреп қыс келе жатты, мен болсам, не су аққан шатырды жөндемедім, не отын алып үлгермедім.  Ал, үлкен фирма ашып, достарымды жұмыспен қамтамасыз етемін деген арманым күл-талқаны шықты.

Кенеттен, микрофоннан айтылғандай миымның әр түкпірінен жаңғыра шыққан: «Бәрі бітті!» − деген сөздерден бойым түршігіп кетті.
 
Әттең, бәрі бітпегенде ғой. Бұл көлік апатының не үшін орын алғанын түсіне алмай дал болдым. Мен жақсы жүргізуші едім.
 
Болған жайттарды есіме түсіруге тырысып жатқанымда табыттың айналасында тұрған достарымның оның қақпағын жапқалы жатқандарын аңғардым. Қанша айқайлауға тырыссам да, не қимылдай да, не дыбыс шығара да алмадым. Көзге түрткісіз қараңғылықтың ішінде қалып, табыттың саңылауынан түскен жарыққа үңілдім.
 
Сөйтіп, қорыққаннан өз-өзіме: «Я, Құдайым! Енді не істеймін?» − дедім.
 
Бойымды қорқыныш билеп, ойым шым-шытырық болды. Кейінірек, олар мені иықтарына көтерді де, табытты әкете жөнелді. Сырттан естіліп жатқан дыбыстардан жаңбыр жауып тұрғанын түсіндім. Жаңбыр тамшыларының тырсылдаған дауыстары табыттың сықырымен араласып кетті. «Жаназа намазын оқу үшін мешітке келген тәріздіміз».
 
Сол мезетте мешіт үйіміздің қасында болса да, оның табалдырығынан бірде-бір рет аттамағаным есіме түсті. Мен «елу жастан кейін намаз оқуды бастаймын, барлығының шамына тиетін жаман әдеттерімнен де сол кезде арыламын» деп ойлаған едім. Осы жол апаты болмағанда, мен жақсы жағына өзгеретін едім.
 
Әлгі дауыс тағы да: «Бәрі бітті!» − деп қайталады. Біршама уақыттан соң менің жаназа намазым оқылды. Имам менің қандай мінезді адам болғаныма қатысты адамдардың пікірлерін сұрап жатты. Олардың арасында сегіз немесе он адамның өз ойларын білдірмегенін білдім. Оларға жамандық жасап, зарар келтіргенімді мойындадым. Бірақ, жол апаты болмағанда бәрін қуана-қуана қалпына келтірер едім және әрбір тигізген зиянымның орнын толтырып, есесін қайтарар едім. Мешітте жаназа намазы оқылып болғаннан кейін олар мені тағы да иықтарына көтеріп алды.
 
Табыттың қисаюына қарап, бейітке бару үшін ылдимен жоғары көтеріліп келе жатқанымызды түсіндім. Жаңбырдың құйып тұрғаны белгілі еді. Жаңбыр тамшылары табыттың тесіктерінен өтіп, кебінді су қылды. Дегенмен, сырттан келіп жатқан дыбыстарға құлақ түруге тырыстым. Достарымның бірі нарықтағы тоқырау жайын әңгіме етіп жатса, кейбіреулері өткен түнде теледидардан көрген вестерн фильмдерін талқылаумен болды. Енді бірі табытымды көтеріп келе жатып: «Бұл да өлетін күнді тапқан екен. Үстіміз малмандай су болды-ау», − деп бұрқ ете қалды.
 
Мен өз құлағыма өзім сенбедім. Оны дұрыс түсінбей қалған шығармын деп ойладым. Мен солар үшін байлығымды, денсаулығымды сарп етпеп пе едім?
 
Біраздан кейін межелі жерге жеттік те, менің табытым жерге қойылды. Қақпақ қайтадан ашылды. Менің әлсіз, жансыз денемді ұстаған қолдар оны кішкентай шалшық жиналып қалған шұңқырға салды.
 
Сол сәтте мен жерде жатып, айналама көз салдым да: «Я, Құдайым, бұл шынымен де қабір болғаны ма?» − деп ойладым. Өзімнің күндердің күнінде қабірге жерленетінімді, жер қойнына табысталатынымды осы сәтке дейін неге ойламадым деп кеудемді өкініш кернеді. Менің үнсіз егілуімді ешкім естіген жоқ. Ең жақын достарым денемді қалың тақтайлармен жабуда құдды жарысып жатқандай көрінді.
 
Қайтадан қараңғылыққа тап болдым. Сол кезде бар жан-тәніммен: «Я, Рақымды Құдай. Сенің шынайы құлың болуға шынымен де тағы бір мүмкіндік бермегенің бе?» − деп жалбарына бастадым.
 
Әлгі дауыс тағы да:  «Бәрі бітті. Осымен бәрі бәтті», − деп тіл қатты.
 
Үстіме тасталған топырақтың дауысынан селк ете қалдым. Тұру үшін бойымда қалған соңғы күшімді жиып, көзімді аштым. Оянсам, өзімнің жайлы төсегімде жатыр екенмін, ал, көргенімнің бәрі қорқынышты түс болған екен. Көршілерімнің бірі, дәрігер төсегімнің жанында тұр екен.
 
«Бәрі бітті, − деп қайталады ол. –Тәуір болдың».
 
Жатқан жерімнен баяу ғана көтеріліп, отырдым. Жиырма килограмм салмақ жоғалтқандай, үстім терге малшынып кеткен. Далада жаңбыр шелектеп құйып тұрды, күннің қатты күркірегенінен бүкіл үй қалтырап тұрғандай сезілді.
 
Көздерін бақырайтып, маған таңдана қарап қалған адамдардың алдында есімді жиюға барынша тырысып, іштей өз-өзіме: «Я, Құдайым, Саған деген алғысым шексіз. Сенің мойынсұнғыш құлың болуға маған тағы да бір мүмкіндік бермегеніңде қайтер едім?» − деп Аллаға ризашылығымды білдірдім.
 
Авторы: Й. Йылмаз

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Қайтсем порнографиядан бойымды аулақ саламын?
Мен 18 жастамын. Ұстаздың жетекшілік етуімен Ислам ілімін үйреніп жүрмін. Мәселе мынада: менің порнография көріп, содан соң өз-өзімді қанағаттандыратын (әдейілеп ұрық шығаратын) жаман әдетім...
10 986
2
10 августа, 15
Image
Жастарға арналған 10 кеңес
Өзіңізді қарапайым ұстаңыз, кейбір кезде масаттанып «мұрныңызды шүйіргеннен гөрі», ұяңдықпен басыңызды төмен салып жүргеніңіз әлдеқайда артық. Жүректегі тәкаппарлықты құртыңыз....
8 330
1
27 апреля, 15