Image
Жәннатқа кіру жолы
Сұрақ: «Кімде-кім жәннатқа кіргісі келсе, дүниеден иманды болып өту керек және өзіне қандай қатынас қаласа, өзгелерге сондай қатынас көрсету керек» деген хадис сенімдіме? ...
3 348
8 марта, 16

Жәннатқа кіру жолы

3 348
8 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Жәннатқа кіру жолы

Сұрақ: «Кімде-кім жәннатқа кіргісі келсе, дүниеден иманды болып өтуі керек және өзіне қандай қатынас қаласа, өзгелерге сондай қатынас көрсетуі керек» деген хадис сенімді ме?

 
Жауап:
 
Имам Табарани (оған Алланың рақымы болсын) бұл хадисті Абдулла ибн Амрдан (оларға Алла разы болсын) әлсіз иснадпен хабарлаған. 
(Әл-Мұғжәмүл Әусат, 4738 хадис. Мәжмәғүз-Зәуәид, 8 том)

Алайда, имам Мүслім (оған Алланың рақымы болсын) мынадай сөздері бар ұзақ бір риуаят келтіреді:
 

«Кімде-кім Жаһаннамнан аман қалып, Жәннатқа кіргісі келсе, Аллаға және Қиямет күніне иман келтіріп, басқа адамдарға өзіне қалағандай қатынаспен қарасын». (Сахих Мүслім, 1844 хадис)


Осылайша, сіз атап өткен хадисті сенімді санауға болады.

Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Жақсылыққа - кілт, жамандыққа құлып болу деген нені білдіреді?
Сұрақ: Алла кейбір адамдарды жақсылықтың кілті және жамандықтың құлпы, ал кейбір адамдарды, керісінше, жамандықтың кілті де жақсылықтың құлпы етті деген хадис бар екен. Ол нені білдіреді? ...
2 162
11 февраля, 16
Image
Жұманың қай кезінде дұғалар қабыл болады?
Сұрақ: Оқуымша, жұма күні дұғаларымыз қабыл болатын бір уақыт бар. Осы тақырыпқа хадистер келтіре аласыз ба? ...
3 746
4 февраля, 16