Image
Жақсылыққа - кілт, жамандыққа құлып болу деген нені білдіреді?
Сұрақ: Алла кейбір адамдарды жақсылықтың кілті және жамандықтың құлпы, ал кейбір адамдарды, керісінше, жамандықтың кілті де жақсылықтың құлпы етті деген хадис бар екен. Ол нені білдіреді? ...
2 161
11 февраля, 16

Жақсылыққа - кілт, жамандыққа құлып болу деген нені білдіреді?

2 161
11 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Жақсылыққа - кілт, жамандыққа құлып болу деген нені білдіреді?
Сұрақ: Алла кейбір адамдарды жақсылықтың кілті және жамандықтың құлпы, ал кейбір адамдарды, керісінше, жамандықтың кілті де, жақсылықтың құлпы етті деген хадис бар екен. Ол нені білдіреді? 
 
Жауап:
 
Сәхл ибн Сағад (оған Алла разы болсын) Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген деп риуаят етеді: 
 

«Шынында, жақсылық деген қазына, және әр қазынаның кілті болады. Алла жақсылықтың кілті және жамандықтың құлпы еткен құлға сүйінші, ал Алла жамандықтың кілті және жақсылықтың құлпы еткен құлға өкініш болсын» (Ибн Маджаһ).

 
Бұл хадистің иснадында бір әлсіздік бар, алайда ол ұқсас риуаяттармен күшейетіндіктен, оны келтіруге болады.
 
Оның мағынасы: Дініміз Ислам адамның мүмкіндігінше игі істерді көп жасауға бұйырады. Алла Тағала өздеріне және басқаларға игі істерді жасау мүмкіндігін ашу үшін таңдаған адамдар - нағыз бақытты адамдар. Ал өздері мен басқаларға күнә жасауға мүмкіндік беретін адамдардың жағдайы, керісінше, аянышты болмақ. (Хашиәт ус-Синдхи, 238 хадис және Мирқат, 5208 хадис).
 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Жұманың қай кезінде дұғалар қабыл болады?
Сұрақ: Оқуымша, жұма күні дұғаларымыз қабыл болатын бір уақыт бар. Осы тақырыпқа хадистер келтіре аласыз ба? ...
3 746
4 февраля, 16
Image
Сахабалар хадистердің көбін өз сөздерімен хабарлағаны рас па?
Сұрақ: Естуімше, хадистер көбінесе Пайғамбардың өзінің нақ сөздері емес, жай ғана сахабалар хабарлаған оның сөздерінің мағынасы. Бұл рас па?...
2 308
3 февраля, 16