Image
Жел шығарған адамның үстінен күлуге болады ма?
Сұрақ: Менің білейін дегенім, егер бір адам жел шығарған болса, соған күлудің үкімі қалай болады? Жел шығарып қойған адамның үстінен басқаларының күліп, мазақтап жататындарын жиі көріп жүрмі...
5 712
13 октября, 14

Жел шығарған адамның үстінен күлуге болады ма?

5 712
13 октября, 14
АВТОР ЦИКЛА
Жел шығарған адамның үстінен күлуге болады ма?
Сұрақ: Менің білейін дегенім, егер бір адам жел шығарған болса, соған күлудің үкімі қалай болады? Жел шығарып қойған адамның үстінен басқаларының күліп, мазақтап жататындарын жиі көріп жүрмін.  
 
Жауап:
 
Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен!
 
Жел шығарып қойған адамдардың үстінен күлу, әсіресе мазақ етуге жол бермеу керек, себебі бұлай жасау жек көрінішті болып табылады.
 
Абдулла ибн Замнан (оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уағыз айтып тұрып, жел шығарып қойған адамды мазақ етуден аулақ болуды ескерте келе:
 

" Неге араларығдағы біреулерің өзі де жасайтын іске күледі?" - деген. (Сахих әл - Бухари №4653, және Сахих Муслим №5073)

 
Тағы бір риуаятта Абдулла ибн Зам'a (Алла оған разы болсын) Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жел шығарған адамның үстінен күлуге қатаң тиым салғанын жеткізеді... (Сахих әл-Бухари №: 5703)
 
Имам ән-Науауи (Алла оны рақым етсін) осы хадиске берген түсініктемесінде былай деп келтіреді: "Хадис, жел шығарып қойған адамның үстінен күлуге тиым салады, керісінше, бұндай кезде байқамаған сыңай танытып, елемей, әңгімесін немесе істеп жатқан жұмысын жалғастыра беруі керек. Бұндай іс-әрекет қоғамдағы жақсы әдеппен үйлеседі". (Әл-Минхадж шарх Сахих Муслим)
 
Имам әл-Айни (Алла оны рақым етсін) өзінің Сахих әль-Бухариға берген түсініктемесінде былай келтіреді:
 
«Хадисте жел шығарған кездегі дыбысқа құлақ салмауға, көңіл бөлмеуге бұйрық бар. Надандық (жәхілділ) дәуірінде, кімде-кім жиын үстінде жел шығарған болса, жиналған жұрт үстінен күлетін. Ал бұл үкім осындай істерге заңнамалы түрде тиым салып, ондай жәйіттерге көңіл бөлмей, ісін жалғастыра беруге бұйырады. Сонымен қатар, Лут пайғамбардың (оған Алланың сәлемі  болсын) қауымының адамдары да осылай, жиналыста жел шығарып, соған күлетін болған".   (Умдат әл-Кари шарх Сахих әл-Бухари 19/294).
 
Қортындылай келсек, басқалардың жел шығарғандарын естіген кезде оған күлу  орынсыз да әбес қылық болады, және де өзі де істейтін нәрсені басқаларынан көріп күлу - ақылмен жанаспайтын іс.
 
Ал егерде күлкі мазақтау мен кемсіту арқылы болған болса, бұндай іс ауыр күнә болып табылады. Алла Тағала:
 
"Әй иман келтіргендер! Бір адамдар екінші адамдарды тәлкек қылмасын, бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай ақ бір әйелдер басқа әйелдерді келемеждемесін, бәлкім олар өздерінен жақсы шығар." - дейді  (Құран 49:11)
 
Алла жақсы білуші!

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Әулиелерге (Алланың сүйіктілеріне) зиян тигізгендерді не күтіп тұр
Ислам дінінде адамның ешкімге қолмен ұрып соғу арқылы, не тілмен балағаттап жаман сөз айту арқылы зиян тигізуіне болмайды. Мүмін – ол өз сөзінде тұратын адам, одан ешкімге зиян тимейді және ...
4 289
3 сентября, 14
Image
Күніне 1000 рәкат намаз. Ол мүмкін бе?
Бұл қойылған шағын ғана сұрақ, кейбір тақуалардың қысқа уақытта көп ғибадат істей алғандығы жайында күмән тудыруы мүмкін....
4 414
22 июля, 14