Image
Жұма күнгі әдеп
Алла Тағала бізді – өзінің құлдарын өте жақсы көреді, біздің Жұмаққа кіргенімізді қалайды. Сондықтан да Раббымыз Өзінің шексіз қазынасының сыйлықтарын қолдануымызға мүмкіндік береді....
4 334
26 ноября, 15

Жұма күнгі әдеп

4 334
26 ноября, 15
АВТОР ЦИКЛА
Жұма күнгі әдеп
Жұма күнінің үлкен құндылығы бар
 
 
 
Алла Тағала бізді – өзінің құлдарын өте жақсы көреді, біздің Жұмаққа кіргенімізді қалайды. Сондықтан да Раббымыз Өзінің шексіз қазынасының сыйлықтарын қолдануымызға мүмкіндік береді. Алла бізге кейбір ерекше күндер мен түндерде адамдардың әдейі немесе жазатайым жасаған күнәлары мен қателіктерінің кешірілетіні туралы айтқан.  Бұдан басқа осы күндер мен түндерде жасалған құлшылықтың барлық түрлері (тіпті аз болса да) үлкен сауап әкеледі. Жұма – осындай қасиетті күндердің бірі.

Біздің Сардарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келесіні айтқан:
 

«Күндердің ешбірінде қасиетті де тамаша  жұмадағыдай күн шығып, күн батпайды. Құлдың ізгі дұғасы мен өтініші міндетті түрде қабыл болатын, ал жаманнан аулақ болуды қалаған адам әрқашан қорғанышта болатын он күннің бір күні бар» (Тирмизи, Тафсир, Бурудж, 3336).


Жұма күніне дайындық түннен басталып әрі мерекелік көңіл-күймен жасалады
 
Біздің Сардарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күніне түннен бастап дайындалатын. Ол мұқият жуынатын және ғұсыл құйынатын, ал таңертең ең таза киімін киетін, хош иісті себетін әрі шашын тарайтын. Егер қажеттілік болса, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сақалы мен шашын қысқартып, тырнақтарын алатын. Біздің Сардарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағалаға үнемі зікір айтып және таспиық тартатын, бұл оны тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ өз жүрегімен де айтатын.

Біздің Сардарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күні ерекше және қымбат болатын. Елшінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазға жүретін жолы раушан гүлдерімен аңқып тұратын. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз үлгісінде бізге жұма күнді қалай өткізу керектігін көрсеткен.
 
Жұма намазға жылдам және құлшыныспен бару керек
 
Біздің Раббымыз айтқан:
 

«Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы» (62:9).


Бұдан басқа, біздің Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұма намазына алғашқы болып келген адамның көп сауапқа ие болатындығы жайлы былай айтқан:
 

«Жұма болғанда, мешітке кіретін барлық есіктерге періштелер жиналады. Олар бәрінен бұрын келгендерді жазып тұрады. Имам мінберге шыққанда, періштелер кітаптарын жауып, зікірді қалай айтатындарын тыңдауға кетеді» (Мүслім, Жұма, 24 (850)).


Жұма күні салауатты көбірек айту қажет

Біздің Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келесіні айтқан:

- Күндердің ең игісі  - жұма күні – маған көбірек салауат айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарыңды маған жеткізеді.

Сахабалар сұраған екен:

- Уа, Алла Елшісі! Сіз бізден кеткен соң, біздің салауатымыз сізге қалай белгілі болмақ?

Оған Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген екен :

- Алла Тағала жерге пайғамбарлардың денесін шірітуге тыйым салған. Біреудің сәлеміне жауап бере алуым үшін, Алла Тағала сол сәтте маған менің жанымды қайтарады. (Әбу Дауд, Салат, 201. Әбу Дауд, Манасик, 96).

Кәне, біз де өзіміздің сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізетке, сүйіспеншілікке және толғанысқа толы салауатымызды жіберейікші, Елшінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  жеке өзі біздің сәлеміміз бен дұғаларымызға жауап беруі үшін!

«Жақсы мінез ережесі» кітабынан.
Дайындаған: Хадис әл-Ханафи

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Игі мінез
Исламды түпкілікті үйрене бастағанда тапқан көркем нәрселердің бірі — жақсы әдеп пен игі мінез. Әсіресе, маған бір шейхтың өз дәрісінде айтқан сөздері қатты әсер етті — жақсы әдеп сені мұсыл...
2 922
11 ноября, 15
Image
Бақытсыздыққа тап болғанда оқылатын дұға
Сұрақ: Адамның көңіл күйі болмаса, немесе бақытсыз жағдайға тап болса қандай дұға оқығаны жөн? Бұндай жағдайда Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қандай кеңес берген, хадис ...
3 518
22 октября, 15