Image
Жұманың қай кезінде дұғалар қабыл болады?
Сұрақ: Оқуымша, жұма күні дұғаларымыз қабыл болатын бір уақыт бар. Осы тақырыпқа хадистер келтіре аласыз ба? ...
3 746
4 февраля, 16

Жұманың қай кезінде дұғалар қабыл болады?

3 746
4 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Жұманың қай кезінде дұғалар қабыл болады?
Сұрақ: Оқуымша, жұма күні дұғаларымыз қабыл болатын бір уақыт бар. Осы тақырыпқа хадистер келтіре аласыз ба?
 
Жауап:
 
Әбу Хурейра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оғанАлланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін хабарлайды: 
 

«Жұма күні сондай бір уақыт бар, ол уақытта жасалған дұға міндетті түрде қабыл болады» (Сахих Бұхари, 935 хадис және Сахих Муслим, 1970 хадис).

 
Ғалымдарда ол жұманың нақ қай уақыты екені туралы көптеген пікірлері бар. Екі ең қолайлы пікірді келтірейік:
 
1. Әбу Мұса әл-Ашғари(оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін хабарлайды: 
 

«Бұл уақыт аралығы имамның отырған уақытынан бастап намаз аяқталғанға дейін» (Сахих Муслим, 1972хадис).

 
Ескертпе: Мұсылмандарға жұма уағызында тыныштық сақтау бұйырылып, сөйлеуге тыйым салынғандықтан, ғалымдар дұғаны екі уағыз арасында айтуға кеңес береді. Ол дұғаларды дауыстап емес, ойша, жүректе айту керек, себебі екі уағыз арасында имам үндемей отырса да, сөйлеуге салынған тыйым қалады.
 
2. Абдуллаһ ибн Сәләмнің (оған Алла разы болсын) хабарлауынша бұл (дұға қабылданатын) уақыт екінті намазынан ақшам намазына дейін созылады. (СунанТирмизи, 491хадис, имам Тирмизи оны сенімді (хасансахих) деп атаған).
 
Ұқсас пікірлер басқа сахабалардан да келтірілген.
 
Хафиз Ибн Абдүл Баррдың (оған Алланың рақымы болсын) айтуынша, бұл осы тақырыпқа деген ең кең тараған пікір. (Фатхүл Бәри, 935 хадис).
 
Имам Мұхиббуддин Табари (оған Алланың рақымы болсын) былай деген: 
 
«Бұл тақырыпта ең сенімді хадис Әбу Мұса (оған Алла разы болсын) хабарлағаны, ал ең мәлімі – Абдуллаһ ибн Сәләм(оған Алла разы болсын) хабарлағаны. (Умдатүл Қари және Фатхүл Бәри, 935 хадис).
 
Имам Ахмад (оған Алланың рақымы болсын): 
 
«Хадистердің көбісі ол уақыт екінті намазынан кейін басталады дейді. Дегенмен, ол уақыт зәуәл (жұма уағызы) басталғанда келеді деп те үміттене аламыз», - дейді (Сунан Тирмизи, 489 хадиске ескертпе).
 
Ал Алла жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Сахабалар хадистердің көбін өз сөздерімен хабарлағаны рас па?
Сұрақ: Естуімше, хадистер көбінесе Пайғамбардың өзінің нақ сөздері емес, жай ғана сахабалар хабарлаған оның сөздерінің мағынасы. Бұл рас па?...
2 310
3 февраля, 16
Image
Түйе етін жеген соң тахарат (дәрет) алу керек пе?
Сұрақ: Түйе етін жеген соң тахарат алу керек деген хадис естідім. Ол рас па?...
4 343
2 февраля, 16