Image
Жыл бойғы нәпіл оразалар
Рамазан айындағы парыз оразадан бөлек, сүйікті Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жыл бойы ұстаған әртүрлі нәпіл оразалар да бар. Біз де Алланың жәрдемімен сол оразаларды...
2 332
30 марта, 17

Жыл бойғы нәпіл оразалар

2 332
30 марта, 17
АВТОР ЦИКЛА
Жыл бойғы нәпіл оразалар
Al-miftah.com
Источник:
AL-MIFTAH.COM

Blog by Moulana Muhammad

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Рамазан айындағы парыз оразадан бөлек, сүйікті Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жыл бойы ұстаған әртүрлі нәпіл оразалар да бар. Біз де Алланың жәрдемімен сол оразаларды ұстау арқылы Пайғамбарымызға ере аламыз.
 
Сахабалар (Алла оларға разы болсын) атап кеткендей, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) кей кездері көп ораза ұстайтыны соншалық, ешқашан оразасын ашпайтындай көрінетін, ал кейде ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) керісінше жасайтын (сирек ауыз бекітетін).  (Сахих Бұхари, 1141, 1972 хадистер)
 
Фақиһтар (исламдағы заңгерлер) Пайғамбарымыз ұстаған оразаларды екі топқа бөліп жүйелеген:
 
1) Сүннет
 
2) Мұстахап (абзал болған).
 
Мұхаррам айының 9, 10-шы немесе 10, 11-ші күндері тұтатын оразалар Сүннет болып есептеледі  (Дуррул-Мухтар, 2 т, 374 б, Маракил Фәләх, 350 б).
 
Бұл күндері ораза ұстаушының жыл бойы жасаған (кіші) күнәлары кешіріледі. (Сахих Бұхари, 2000-2007-хадистер, Сахих Муслим, 2838-хадис).
 
Жыл бойына мына оразаларды ұстау абзал (мұстахап) болады:
 
1. Әр дүйсенбі және бейсенбі күндері
 
Бұл оразаның қасиеті: ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстаған, себебі, бұл күндері мұсылман үмметінің жасаған бүкіл амалдары Алланың құзырына жеткізіледі. (Сахих Муслим, 2742- хадис; Ибн Хузейманың Сахихтар жинағы, 2116-2120- хадистер)
 
2. Әр айдың 13, 14-ші және 15-ші күндері, бұл күндер «жарық күндер» (әямул бәйд) деп те аталады. (Маракил-Фәлах, 350 б; Дуррул-Мухтар, 2 т, 375 б; Аләмгири 1т., 201 б).
 
Бұл оразаның құндылығы: әр айда осы оразаны ұстаған әрбір мұсылман өмір бойы ораза ұстағандай сауап алады. (Ибн Хузейманың сахихтар жинағы, 2128-хадис; Тирмизидің сунаны, 762 хадис; Ахмадтың муснады, 5 т, 140, 252-б;).
 
Алайда, бұл күндерден Зул-хижжа айының 13-күні алынып тасталады (Имдадул-пәтуа)
 
3. Әр айдың кез келген үш күні
 
(Шами, 2 т, 375 б; Тахтауи ғәлә Мәрәкил-Фәләх, 350 б; Сахих Бұхари, 1981-хадис; Сахих Муслим, 2736, 2739- хадистер).
 
Оразаның құндылығы: Бұл күндері ауыз бекіткен мұсылманның сауабы - «жарық күндердегі» оразаның сауабындай. Себебі, бұл күндердегі ораза «жарық күндердегі» ораза секілді. (Шами, Ибн Хузейманың Сахихтар жинағы, 3 т, 303 б)
 
4. Зул-хижжа айының 9-ы, яғни «Арапа» күні. Алайда, бұл оразаны қажылық парызын өтеушілер мен Арафаттағылар ұстамайды, себебі олар ауыз бекіткен жағдайда әлсіреуі мүмкін. Бірақ, өздерін әлсіз сезінбесе, бұл оразаны ұстауларына рұқсат (Дуррул-Мухтар, 2 т, 375 б).
 
Кей ғалымдар Мұхаррам айының 10-күні секілді бұл оразаны да сүннет оразаға жатқызған (Шами, 2 т, 375 б).
 
Оразаның құндылығы: Бұл оразаны ұстаған мұсылманның екі жылдық (кіші) күнәлары кешіріледі. (СахихБұхари, 1988-хадим; Сахих Муслим, 2738-2739-хадистер) 
 
5. Шәууәл айының кез келген алты күні (Шәууәл – Қасиетті Рамазаннан кейінгі ай). Тек Шәууәл айының 1-күнінен бөлек күндері, себебі бұл күні Ораза Айт (Ид әл-Фитр) мерекесі. (Мәрәкил-Фәлах, 350 б; Аләмгири, 1 т, 201 б).
 
Құндылығы: Егер бір мұсылман Рамазан айында тұтас және Шәууәл айының 6 күнінде ораза ұстаса, ол жыл бойы ораза ұстағандай сауапқа ие болады. (Сахих Муслим, 2750-хадис; Ибн Хиббанның сахихы, 3634-хадис; Ибн Хузейманың Сахихтар жинағы, 2114-хадис)
 
6. Жұма күнгі ораза (Шами, 2 т, 375 б; Мәрәкил-Фәлах, 350 б; Аләмгири, 1 т, 201 б). Алайда, бұл оразаны жұмаға бір күнді, яғни жұманың алдын бейсенбі күнін немесе жұмадан соң сенбі күнін қосып ауыз бекіткені дұрыс. (Сахих Муслим, 2678-хадис, Ибн Хузейманың Сахихтар жинағы, 1229-хадис)
 
7. Сенбі және жексенбі күндері (бірге) ауыз бекіту (Шами, 2 т, 375-376 б, Ибн Хузейманың Сахихтар жинағы, 3 т, 318 б, 2167-хадисін, Ибн Хиббанның сахихы, 3616-хадисін, Мустадрак әл-Хакимді қараңыз).
 
8. Мүмкіндігінше Шағбан айының алғашқы жартысында «әлсіреп, Рамазанның оразасын ұстауға кедергі келтірмесе» деген шартпен ораза ұстау. (Аләмгири, 1 т, 201 б, Сахих Бұхари, 1969-хадис; Сахих Муслим, 175, 176, 1156- хадистер)
 
9. Зул-хижжа айының алғашқы 9 күнінің кез келген бір күні (Аләмгири, 1 т, 201 б).
 
Құндылығы: Осы алғашқы 9 күннің бірінде ораза ұстаушының сауабы жыл бойы ораза ұстаған мұсылманның сауабындай болады (Тирмизи Сунаны, 758-хадис, Шуағбул-Иман, 3758-хадис).
 
10. Мүмкіндігінше Мухаррам айында ораза ұстау
 
Құндылығы: Рамазаннан кейін ең жақсы ораза Мухаррам айындағы ораза болып табылады (Сахих Муслим, 2748-хадис).
 
Бұл айдағы оразаның әр күніне 30 күн бойы ораза ұстағандай сауап жазылады (Табарани; әт-Тарғыб, 2 т, 114 б).
 
Сүйікті Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл оразалардың бәрін не өзі ұстаған, не өзгелерді шақырып, үгіттеген.
 
Ораза өз кезегінде бөлек ғибадат болғандықтан, ғалымдар, егер адамның мүмкіндігі болса, мейлінше көп ауыз бекіткені дұрыс дейді.  
 
Алланың құзырындағы ең сүйікті ораза
 
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың құзырында ең сүйікті ораза – «Дәуіттің (Алланың оған сәлемі болғай) оразасы» деген, Дәуіт пайғамбар екі күннің бірінде (араға бір күн салып) ауыз бекітетін болған (Сахих Бухари, 1131 хадис; Сахих Муслим, 2731-2732-хадистер).
 
Ескертпе: Ораза Айты және Құрбан Айты мерекесі күндері мен Зул-хижжа айының 11, 12, 13-күндері ораза ұстауға тыйым салынады (Сахих Бұхари, 1990 хадис; Сахих Муслим, 2666-2672 хадистер; Ибн Хузейманың Сахихтар эинағы, 2100 хадис; Шами, 2 т, 375 б)
 
Алла Тағалаға жақсырақ білуші.
 

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Памятка – что нарушает и не нарушает пост (ханафитский мазхаб)
Дорогие друзья! Вашему вниманию предлагается наша памятка, где перечисляются все основные действия, которые нарушают или, наоборот, не нарушают пост согласно ханафитскому мазхабу. Памятка со...
42 917
60
16 мая, 18
Image
Дозволено ли чистить зубы во время поста?
Всем известен хадис о том, что запах изо рта постящегося приятнее для Аллаха, чем запах миска (благовоний). Однако, нужно принимать во внимание, что во время Рамадана многим мусульманам прих...
10 750
16 мая, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Рамазаннан өзіңе ұлағат алудың жолдары
Мүбәрак Рамазан айы келгенде оны мейлінше ізгілікпен өткізіп, өзімізге пайдасын алуға тырысуымыз керек. Өкінішке орай, көптеген адамдардың өмірлеріне Рамазан ешқандай оң өзгеріс әкелместен, ...
7 912
29 июня, 16
Image
Мүфти Сухайл Тармахомед: ТМД мұсылмандарына үндеу және Рамазанның соңғы онкүндігін қалай өткізу керектігі жайында кеңестер
Сіздерді Алланың қалауымен тағы бір Қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін және алдағы келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтағым келеді....
9 357
27 июня, 16