Image
Жүректі жаман сезімдерден тазарту жолдары
Ашу мен өшпенділіктің күнәсі өте ауыр. Алланың шексіз мейірімі төгілген бейбіт күннің өзінде де бәрібір көңілі толмайтын, жүрегінің түкпірінде өзгелерге кек сақтап жүретін шүкірсіз адамдар к...
2 296
30 марта, 17

Жүректі жаман сезімдерден тазарту жолдары

2 296
30 марта, 17
АВТОР ЦИКЛА
Жүректі жаман сезімдерден тазарту жолдары
Ашу мен өшпенділіктің күнәсі өте ауыр. Алланың шексіз мейірімі төгілген бейбіт күннің өзінде де бәрібір көңілі толмайтын, жүрегінің түкпірінде өзгелерге кек сақтап жүретін шүкірсіз адамдар кездеседі. Бір хадистерде Алла Тағала ондай адамдардың намаздарын қабыл алмайтындығы айтылады. (Әт-Тарғыб, 3 т., 455-462 б).
 
Төменде жүректегі ашу-кекті жоюға көмектесетін кей хадистер мен ізгі тақуалардың өмірінен алынған ақыл-кеңестер берілген.
 
1. Мына аятты жиі оқып, қайталаңыз:
 
رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلًّا لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ

Роббәнә ғфирләнә уә ли ихуәәнинә әлләзинә сәбақуунәә бил имәни уә лә тәжғәл фии қулуубинә ғилләл лилләзиинә әәмәну Роббәнә иннәкә Роууфу р-Рохим

«Раббымыз! Бізді және бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай гөр! Және иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбіңдік қалдырма. Раббымыз, шынында Сен тым Жұмсақ, ерекше Мейірімдісің!». (59:10)
 
2. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:
 
«Бір-біріңе сыйлық жасаңдар, ол бір-бірлеріңе деген бауырмалдық сезімін тудырып, жүректегі кекті жояды». (Муатта, имам Мәлик, қараңыз: әт-Тәмһид, т.15, 85-91 б, Тахрижул-ихья, 1453 хадис)
 
3. Бір-біріңе сәлем таратыңдар, қол беріп амандасыңдар. (Әлбетте, бұл ер мен ердің, әйел мен әйелдің арасында). Сәлемдесу де адамды бір-біріне баурайды. (Сахих Муслим, 192 хадис)
 
4. Пайғамбарымыз (Алла оған игілігі мен сәлемі болсын):
 
«Рамазан айы мен кез келген өзге де айларда үш күн ораза ұстау жүректегі қатігездікті жояды» деген. (Әт-Тарғыб, 2 т, 121 б)
 
5. Жек көретін адамыңыздың сыртынан дұға жасаңыз.
 
6. Ол адамды өзі жоқта мақтаңыз.
 
Жоғарыдағы амалдарды шынайы ықылыспен жасау арқылы жүрек күнәлі сезімдерден арылады. Алла жүрегімізді тазартады.
 
Сахабалардан қалған өсиет
 
Әнәс (Алла одан разы болсын) былай жеткізеді:
 
«Алла елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), бірге отыр едік, ол: «Қазір осында жәннаттық бір адам келеді» деді. Іле-шала сол қолымен аяқ киімін ұстаған, сақалынан дәрет алған суы тамшылап тұрған бір сахаба кіріп келді. Жиын біткен соң Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (Алла одан разы болсын), (қандай амалымен Жәннатпен сүйіншіленгенін білу үшін), сол адамның соңынан еріп отырды.
 
Ол әлгі сахабаға былай дейді: «Үш күн ішінде үйге кірмеймін деп ант ішіп едім. Үйіңде тұруыма бола ма?». Сахаба келіседі. Абдулла ибн Амр осы аталған үш күнде бойы соның үйінде қалады. Бірақ оның өмір-тіршілігінен анау айтқандай өзгеріс байқамайды. Яғни, ол өзі күткендей айрықша ғибадат жасамайтынын көреді.
 
Ол сахаба (Алла одан разы болсын) әркез жатар алдын кейбір зікірлерді айтып, таң намазы кіргенше ұйықтайтын. Жақсы сөзден артық ештеңе айтпайтын. Абдулла оның одан басқа артық ауыз сөз айтқанын естимейді. Абдулла ибн Амр (Алла одан разы болсын) былай дейді: «Үш күн түнеген соң оның пәлендей артық ештеңе жасамайтынын түсіндім. Жанына бардым да, шындығында ең жоғары сый – Жәннатпен сүйіншіленетіндей нендей ерекше ғибадат жасайтынын білу үшін ғана қалғанымды айттым. Соңынан өзінен: «Мұндай деңгейге қалай жеттің?» деп сұрадым. Ол маған: «Жанымда бірге тұрып, өзің көргеннен артық ешқандай ғибадат жасамаймын» деп жауап берді. Кетуге бет алғаным сол еді, ол: «Иә, бәлкім, бір ерекшелігім бар шығар. Мен жүрегімде бірде-бір мұсылман бауырыма деген кек сақтамаймын. Егер Алла оны бір нығметіне бөлеп жатса, қызғанбаймын»». Сонда Абдулла оған Алла оны дәл осы амалының себебімен жоғары дәрежеге жеткізгенін айтты.
 
(Ахмад пен Насаидың Муснады, хафиз Ибн Касир Насаидың иснадын Бұхари мен Муслимнің талап-шарттарына толық сай келетінін айтқан. Ибн Касирдің 59:9 аятқа тәпсірі).
 
Біз көбіне адам жоғары дәрежеге ерекше амалымен ғана ие болады деп есептейміз, ал шындығында оған тым қарапайым іс-әрекеттері себеп болуы мүмкін.
 
Алла Тағала бәрімізге тура жолын нәсіп етсін. Әмин.

 
 

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Ислам ғалымдарының еңбегін бағалаңыздар!»
Жақында мен зайырлы заңгерлердің істері мен қызметтерінің бағасы туралы оқып едім – бір сағат жұмысы жүз фунт стерлингтен асады екен! ...
1 941
12 марта, 16
Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Діни шараларды ойын-сауыққа айналдырмаңыздар»
Қазіргі кезде исламдық сұхбаттардың, дәрістер және өзге шаралардың саны басқа кездерден де көп, алайда біз олардың адамдар өміріне деген практикалық әсерін көрмейміз, яғни өміріміздегі өзгер...
2 086
13 января, 16