Циклы Авторы Сортировка
Версия цикла: Версия: Текст В ИЗБРАННОЕ Сортировать с начала С начала Сортировать с начала Сортировать с начала Сортировать с конца Сначала популярные С начала С начала С конца Популярные
Цикл завершен
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
0 уроков
Новый: 6 мая, 17
Фиқһ
Цикл завершен
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Ең алдымен, біз Исламдағы барлық фиқһи мәселелер бойынша төрт имамның біріне еретіндігімізді айта ке...
22 318
6 мая, 17

Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі

22 318
6 мая, 17
АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ

Ең алдымен, біз Исламдағы барлық фиқһи мәселелер бойынша төрт имамның біріне еретіндігімізді айта кеткіміз келеді. Ал біздің жағдайда біз имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын) мәзһабына кәміл ереміз. Мұның себебі, өзінің тақуалығы мен туралығы арқасында имам Әбу Ханифа (Алла оны рахыметіне алсын) өз өмірін Ислам ілімін үйренуге, меңгеруге және жүйелеуге арнағандықтан. Оның өмір сүрген заманы Ислам ілімінің жоғарғы дәрежеге жетіп, адамдардың есте сақтау қабілеті өте жақсы болған, жиындардағы ғұламалардың саны едәуір көп болған, гүлденіп тұрған кезең еді. Бұл–ғұламалархадистердің жету тізбегінің әрқайсысына терең зер сала зерттеген, сенімді хадистер заманы еді. Тұрмыстағы кез-келген іс-әрекет міндетті түрде Ислам деректеріне негізделген дәлелдерге сүйеніп жасалуы тиіс етін. Сол себепті имам Әбу Ханифа (Алла оны рахыметіне алсын) әрбір жағдаятты Исламның түрлі салаларындағы кем дегенде қырық ғұламамен отырып талқылайтын болған. Әр жағдай мұқиятты түрде әрі жете тексеріліп, жан-жақты талқыланғаннан кейін ғана сол турасында шешім шығарылатын.

Сонымен қатар, бұдан кейінгі он екі ғасыр ішіндегі көптеген ұлы кемеңгерлер мен ақсақалдардың зор үлес қосқан еңбектерін де айта кетуіміз жөн. Ілім ізденуде ол кісілер тауды да, тасты да кезіп өтіп, аштыққа да, қиыншылыққа да төзе білді. Бұл ғұламаларбүкіл өмірлерін Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын) әрбір тұжырымының нақтылығына көз жеткізу үшін оны зор ыждаһаттылықпен, мұқияттылықпен талқылап, зерттеуге арнады. Соңғы он екі ғасырдың мұфассирлері, мұхаддистері, фақиһ ғалымдары, философтары, заңгерлері және академиктерінің біріккен зор күші мен пидалығының арқасында имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын) ислами құқық ілімі жете тексеріс пен зерттеуден өтті. Имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын)  тұжырымдамалары мен үкімдері түгелдей Құран мен сүннетте сай келеді деуде енді ешқандай күмән жоқ. «Болары болып, бояуы сіңіп» қойғаннан кейін, ендігі таңда қандай да бір жағдайды Құран мен сүннеттен дәлел іздеп, өздігінше зерттеудің еш қажеттігі жоқ. Бұл бар ынта-жігермен, табандылықпен, ыждаһаттылықпен және зор күш-қуат жұмсап, бүкіл өмірді арнауды талап ететін орасан бір міндет болушы еді.

Сонымен қатар, бұның есесінен көптеген хадистер бүгінгі күнімізге дейін жетпейтін еді. Моңғолдар Бағдат қаласын басып алып, ондағы мыңдаған кітапханаларды өртеп, қаншама еңбектер мен кітаптарды жандырып жібергенде Тигр (Дажла) өзені қап-қара сияға боялғандай болды. Бұл біршама хадистердің жоғалуына әкелді. Шексіз Мейірімі арқылы Алла Тағала бізге жеңілдік нәсіп етіп, біз Ислам ілімін жетік білген әрі нық ұстанған кісілердің артынан ерудеміз. Осындай кереметтей тұлғалардың, ғұламалардың артынан ерумен біз түбінде Құран мен хадисті ұстанатынымызға сенімді бола аламыз.

Құран мен хадистерден өздігінен тікелей дәлел іздеу алаңғасарлық іс және бос әурешілік болатындығына осы аталмыш деректер арқылы көз жеткізе аламыз. Сондықтан да біз осы жұмысымыздың негізі ретінде төрт мәзһабтың ұстанымы мен әдістемесін қолданамыз. Біз ханафиттік мәзһабты ұстанушылар ретінде еңбегімізді жалпылай ханафи мәзһабы бойынша жаздық, ал кейбір жерлерінде қалған үш мәзһабқа сілтеме жасадық. Тағы айта жетерлік жайт, бұл аталмыш еңбек барысында өткен ғасырлардағы атақты ғұламалардың барлық дерлік дәлелдемелерін қамтыдық деуден аулақпыз.

Версия цикла: Версия: Текст В ИЗБРАННОЕ Сортировать с начала С начала Сортировать с начала Сортировать с начала Сортировать с конца Сначала популярные С начала С начала С конца Популярные
Список уроков